15.05.2020, 21:39 6507

Биылғы І тоқсанда еліміз жолдарымен 827 көліктің шамадан тыс жүкпен жүруіне тосқауыл қойылды

2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдары 28032 жүк автокөлік құралын (АКҚ) тексеріп, заң талаптарын сақтамаған 4231 көлікті анықтады. Оның ішінде 219 шетелдік автокөлік құралы жол жүрудің рұқсат беру жүйесін бұзған.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Биылғы І тоқсанда еліміз жолдарымен 827 көліктің шамадан тыс жүкпен жүруіне тосқауыл қойылды.

2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдары 28032 жүк автокөлік құралын (АКҚ) тексеріп, заң талаптарын сақтамаған 4231 көлікті анықтады. Оның ішінде 219 шетелдік автокөлік құралы жол жүрудің рұқсат беру жүйесін бұзған.

Осы кезеңде 827 көліктің шамадан тыс жүкпен жүруіне тосқауыл қойылып, 774 млн. теңгеден астам алым және 198 млн. теңге айыппұл өндірілді. 46 шаруашылық субъектісі тексеріліп, 34 заң бұзушылық анықталды және 30 заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді.

Сондай-ақ, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 2382 әкімшілік материал ресімделіп, 30 млн. теңгеге жуық сомада айыппұл өндірілді. Бұл жалпы тасымалдау қауіпсіздігіне оң әсер етіп отыр.

Жалпы І тоқсанда ірі көлемдегі және ауыр салмақты автокөлік құралы үшін 6444 арнайы рұқсат, 51557 шетелге рұқсат, шетелдік тасымалдаушылар үшін 665 транзиттік рұқсат берілді. 12 техникалық байқау операторы ашылып, 4-і тізілімнен шығарылды. Қазіргі уақытта техникалық байқау орталықтарының саны - 673.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында байланысты азайту мақсатында 1, 6, 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауға ірі көлемдегі және ауыр салмақты автокөлік құралының жол жүруіне арнайы рұқсат, жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын іске асыруға рұқсат беру туралы куәлік және елдегі төтенше жағдай кезеңінде автокөлік құралына рұқсат карточкасын беру сияқты өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша 2020 жылғы 15 сәуірден бастап қағаз түрінде рұқсат берілмейтін болды. Рұқсат беру барысын бақылауды қамтамасыз ету үшін көліктік бақылау бекеттері ақпараттық талдау жүйесі мен көліктік деректер базасы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне қосылды. Қазір оған мемлекеттік кірістер органдарын қосу жұмыстары жүргізілуде.Бұдан басқа, бір бекетке шамамен 1900 шақырым автожол келетіндіктен, жолдарды толықтай бақылаумен қамтамасыз ету қиын. Осыған байланысты стационарлық үлгідегі таразыларды қолданып, автожолдардың жекелеген учаскелерінде автоматтандырылған өлшеу станциясын (АБЖ) қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, бекітілген жол картасына сәйкес, 2020 жылдың шілде айына дейін Талапкер кенті жанындағы "Алматы-Челябинск" автожолы учаскесінде автоматтандырылған өлшеу құралын пилоттық режимде іске қосу жоспарланған. Жоба "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-мен бірлесіп іске асырылады.

Көліктік бақылау саласын автоматтандыру автожолдарды бақылау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл жолдардың сақталуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға оң әсер етеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны