20.12.2013, 20:40 3748

Біз екінші алюминий зауытының құрылысын қолға алуымыз керек - Н.Назарбаев

Павлодар алюминий зауыты мұндай өңдеудің көшбасшысы болып табылады. Біз Үкіметпен біріге отырып жылына тағы да 250 мың тонна өнім өндіретін екінші зауыт құрылысын қолға алуымыз керек. Біз одан кейін дайын өнімнен құрылыс, тұрмыстық және өзге де тауарларды дайындаймыз, деді президент.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстанда күйдірілген анод өндіретін екінші зауыт іске қосылуы керек, деген пікір айтты ҚР Президенті "Индустрияландыру күні" аясында қолданысқа беріліп жатқан жобаларды таныстыру барысында.

"Сіздің тапсырмаңыз бойынша өте аз уақыт ішінде жылына 250 мың тонна қуаттылығына ие алюминий өндірісі зауыты салынды. Мұның барлығы сіздің қолдауыңыз арқылы және индустрияландыру бағдарламасының арқасында мүмкін болып отыр", - деді "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ президенті А.Ибрагимов.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы зауытты іске қосуға рұқсат беріп, қазақстандық индустрияландыру шикізатты терең өңдеу арқылы жұмыс істеу керектігін айтты.

"Павлодар алюминий зауыты мұндай өңдеудің көшбасшысы болып табылады. Біз Үкіметпен біріге отырып жылына тағы да 250 мың тонна өнім өндіретін екінші зауыт құрылысын қолға алуымыз керек. Біз одан кейін дайын өнімнен құрылыс, тұрмыстық және өзге де тауарларды дайындаймыз. Ендігі есеп беруде осындай кәсіпкерліктердің жұмысына куә боламыз деп үміттенемін. Анодты импорттап келген біз енді өзіміз сататын боламыз. Барлықтарыңызды осы жетістікпен құттықтаймын", - деді Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Жалпыхалықтық телекөпір Индустрияландыру күні аясында өткізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны