14.07.2020, 16:24 3778

Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы

Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы

ҚР ҰЭМ желісі бойынша

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы экономикалық өсуді қалпына келтіруді қамтамасыз ету және жұмыспен қамту мен халықтың табысын қолдау жөнінде нақты міндеттер қойды.

Бірінші. Мемлекет басшысының ахуал нашарлаған жағдайда экономика салалары қолдаудың қосымша шаралар пакетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Үкімет пен Ұлттық Банктің Бірлескен іс-қимыл жоспары қалыптастырылатын болады. Жоспар жобасын Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте қарастырып, Кеңес мақұлдаған жағдайда бекіту ұсынылады.

Екінші. Тікелей инвестициялар бойынша тұрақты ортаны қалыптастыру мақсатында стратегиялық инвесторлар үшін шарттарды сақтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін заңнамаға тиісті өзгерістер Мәжілістің қарауына енгізілетін болады.

Үшінші. Мемлекеттік компаниялардың бюджетке дивидендтерді төлеуді тұрақты негізде арттыру мәселесі зерделенетін болады. Жүргізілген талдау негізінде тиісті нормативтік құқықтық акт әзірленетін болады.

Төртінші. Бюджеттің кіріс бөлігінің тиімділігін арттыру үшін салықтық преференциялар мен жеңілдіктер талданатын болады.

Бесінші. Қатаң бюджет тәртібін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңда кепілдендірілген трансферттердің нысаналы сипаты айқындалатын болады. Тек қана әлеуметтік мәселелер мен инфрақұрылымдық дамуға бағытталады.

Алтыншы. Мемлекет басшысы қор нарығын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы агенттігімен және Ұлттық Банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, қор нарығын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Президент Әкімшілігіне енгізетін болады.

Жетінші. Мемлекет басшысының мемлекеттің фискалдық және экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Сегізінші. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша бизнес үшін міндеттемелерді енгізе отырып, бағдарламаның нақты индикаторлары мен стратегиялық міндеттері айқындалатын болады.

Тоғызыншы. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ағымдағы жылғы қыркүйекте "ақылды реттеу" элементтерін ескере отырып, "Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай сервисін толыққанды іске қосу қамтамасыз етіледі. Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау мен консультациялар алуын жеңілдету үшін бизнес үшін "Біріңғай терезенің" толық жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Оныншы. Мемлекеттік қолдаудан барынша нәтиже алу үшін, мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері қабылдаған міндеттемелерді жедел мониторингілеу үшін цифрландыру құралдары белсенді пайдаланылатын болады.

ҚР ИИДМ желісі бойынша

2020 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті.

Өңірлер бөлігінде өндірістің төмендеуі елдің 3 аумағында байқалуда (Ақтөбе -97,9%, Павлодар - 99,4%, Шымкент - 99,6%).

Жылдың соңына дейін өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша барлық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Өңдеу өнеркәсібі салаларында біз 1,7 трлн. теңге сомасында 65-тен аса жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл 2025 жылға қарай саладағы импортты 20%-ға қысқартуға мүмкіндік береді (6 млрд АҚШ долларына).

"Нұрлы жол", "Нұрлы жер" және Жұмыспен қамту жол картасының (оперативті мәліметтер бойынша) қазақстандық қамту үлесі 90%-ды құрайтын, 3,7 млрд. теңге жалпы құнымен 6 202 инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.

Сонымен қатар, құрылыс материалдарын шығару бойынша 33 жоба іске асырылуда (оның ішінде 8 жоба импорт алмастыру бойынша), осының есебінен импорт үлесін 15%-ға азайту және тұрғын-үй құрылысында 90%-ға дейін отандық құрылыс матералдарын пайдалану жоспарлануда.

Министрлікпен құрылыс саласында қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша нақты шаралар қабылдануда:

?Біріншіден. Бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын жобаларда отандық материалдарды міндетті түрде қолдану бойынша құқықтық база құрылды.

?Екіншіден. Сараптамадан өткен барлық жобалардың жиынтық ресурстық ведомостары енгізілген Портал әзірленді.

?Үшіншіден. Мемлекеттік сатып алуды іске асыру туралы ережелеріне отандық тауар өндірушілер тізіліміне сәйкес материалдарды сатып алуға міндеттейтін құрылыс саласындағы үлгі шарттарына толықтырулар енгізілді.

?Төртіншіден. Отандық тауар өндірушілердің талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша құқықтық шараларды пысықталуда.

Өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың және инвестицияларды тартудың тағы бір құралы Арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

Елімізде 13 Арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Инфрақұрылым 6 Арнайы экономикалық аймағында ғана толық аяқталды (Инновациялық технологиялар паркі, Сарыарқа, Оңтүстік, Қорғас-Шығыс қақпасы, Тараз химия паркі, Ақтау теңіз порты №1-3 субзона). Арнайы экономикалық аймақ аумағын игеру 44 % құрайды.

Арнайы экономикалық аумағында (2002 жылдан 2019 жылға дейін) 169 жоба іске қосылды. 23,6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Бюджетке салық түрінде 180 млрд. теңге (жеке табыс салығы, әлеуметтік салықтар, айналымдық қосылған құн салығы) қайтарылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Арнайы экономикалық аймақ тиімділігін жоғарылату үшін біз қазіргі уақытта заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз, даму стратегиясын қайта қарастырып, Арнайы экономикалық аймақ шекараларын кеңейтіп, жаңа қызмет түрлерін қосып жатырмыз.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 4,2 трлн.теңгеге 156 жоба іске асырылу барысында, қосымша 8.2 мың тұрақты жұмыс орнын құрумен.

ҚР ҚМ желісі бойынша

Қаржы министрлігі Президент тапсырмаларының дереу орындалуын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылдауда.

Цифрландыру бойынша шаралар

Бизнестің қарсы міндеттемелерін цифрлық бақылауды қамтамасыз ету үшін Жобалық офис құрылды және тиісті әдіснамалық база әзірленді.

Бизнестің жол картасы деректерін қолмен басқару режимде талдау және әдіснаманы бейімдеу бойынша пилот іске асырылуда.

Бизнеске жүктелген міндеттемелердің орындалуын бақылауды ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін субъектілік талдау жөнінде талдамалық деректер базасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өз контрагенттеріне дербес тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін интеграцияланған деректер базасын құру үшін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп заңнамалық түзетулер әзірленді.

Олар салық салу және инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері жөніндегі Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан заң жобасына енгізілетін болады.

Мемлекеттік органдардың деректер базасы мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүзеге асырылатын болады.

"Бизнеске арналған Үкімет" бірыңғай сервисі бойынша

Қаржы министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп мәселені нормативтік реттеді.

910 "Шағын бизнес субъектілеріне арналған декларация" деген салық есептілігі нысанын қабылдау бойынша сервис іске асырылды, ол SmartBridge платформасында орналастырылған.

Сервиске "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қосылады. Қазірдің өзінде оған 6 IT-компания қосылды және

17-сі тестілеуден өтуде.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бұл сервис толыққанды жұмыс істейтін болады.

Активтерді экономикалық айналымға одан әрі тарту мақсатында Проблемалық кредиттер қоры оларды басқару және іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда.

Қазір тұрғын үй қорын, коммерциялық жылжымайтын мүлікті және жылжымалы мүлікті сату бойынша шаралар қабылдануда.

Экономикалық айналымға 679 га жер учаскесі енгізілуде.

Жалпы, жұмыс жандандырылатын болады.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін айналыстағы шығарылымдардың санын қысқарту және олардың көлемін ірілету жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Бағалы қағаздарды J.P.Morgan халықаралық индексіне енгізу үшін Ұлттық экономика министрлігімен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп Бірлескен іс-қимылдар жоспары бекітілді.

Дағдарысқа қарсы қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын тексеруді бекітілген Іс-шаралар жоспары

шеңберінде мемлекеттік аудит органдары жүргізуде.

Шығыстарды оңтайландыру бойынша

2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шығыстары оңтайландырылатын болады.

Атап айтқанда, мыналар күтілуде:

іссапар, өкілдік шығындарды, заттай мүлікпен, тамақпен қамтамасыз етуді және т. б. қысқарту;

институционалдық қарыздар бойынша шығыстарды қысқартумен олардың тиімділігін қайта қарау;

квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің өзін-өзі барынша ақтауына көшу;

басталған жобаларды аяқтау міндетін шешуді ескере отырып, барлық салаларда шынайы инфрақұрылымдық жоспарларды әзірлеу;

жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру және т. б.

Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің республикалық бюджетке дивидендтер төлеуіне келетін болсақ, ол жөнінде Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды.

ҚР ЕХӘҚМ желісі бойынша

Үкімет әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге кірісу.

Осы тұрғыда "Жұмыспен қамту жол картасы" мен басқа мемлекеттік бағдарламалардың тұрақты жұмыс орындарын құру әлеуеттін қайта қарауды ұсынамыз.

"Жұмыспен қамту Жол картасы" бойынша жергілікті атқарушы органдарда 53 млрд. теңгеге жұық үнемдеу орын алып отыр.

Сол қаражатты:

?ұрақты жұмыс орындарын құратын жаңа жобаларға бағыттауды,

?немесе шағын-орта бизнеске, тұрақты жұмыс орындарын құру мақсатында, мини-өндірістер құру үшін несиелеуге пайдалануды ұсынамыз.

Бірыңғай әлеуметтік төлемді алғаш рет төлеген адамдарды табысты жұмыспен қамту және "Электронды еңбек биржасын" бірыңғай портал

Төтенше жағдай кезінде бірыңғай әлеуметтік төлемді алғаш рет төленген 1 млн. 338 мың адам "Енбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйеге еңгізіліп, жұмыспен қамту орталықтары тиісті жұмыстар атқаруда.

Бүгінге 68 949 адам жұмыспен қамту бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, және 30 325-і жұмыс орындарымен қамтылды.

"Электронды еңбек биржасы" сәтті жұмыс істеуде.

Осы жылдың өзінде 281 мың адам электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа ие болды.

Еңбек министрлігі Электронды еңбек биржасы жетілдіру шараларын - оның ішінде электрондық проактивті түрде қызмет көрсету тетіктері, онлайн - қызметтер, электронды еңбек шарттарын тіркеу, жаңа мамандықтар Атласын еңгізу, және тағы басқа құралдарын тез арада еңгізетін болады.

ҚР ЦДАӨМ желісі бойынша

Қасым-Жомарт Кемелұлының онлайн қызметтерді 90% жеткізу туралы тапсырмасына сәйкес Министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізді. Нәтижесінде қызметтердің 83,7% бүгін онлайн көрсетіледі.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Цифрлық сауаттылық деңгейі 82,1% құрайды.

Пандемия кезінде бұл 22 млн-нан астам электрондық қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Тағы бір айта кететін жайт, жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметтің дамуы бойынша рейтінгісі шықты. Нәтижесінде Әлемде, электрондық үкіметтің дамуы бойынша Қазақстан 29-шы орынға көтерілді (+10 позиция).

Осы тапсырманы орындау шеңберінде Білім және ғылым, Индустриялық даму, Денсаулық сақтау министрліктері жыл соңына дейін 6 қызмет бойынша, Экология, геология, табиғи ресурстар министрлігі 4 қызмет бойынша және слайдта көрсетілген басқа да мемлекеттік органдар өз қызметтерін электронды форматқа көшіру бойынша жұмысты аяқтауы қажет.

"Бизнес үшін үкіметті" іске қосу жөнінде тапсырма берілді. Министрлік жоба шеңберінде интеграциялар бойынша жұмысты жүргізуде.

Ол туралы, алдында, Ұлттық экономика және Қаржы министрлері баяндап өтті.

Қазіргі уақытта "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Smart Bridge платформасы арқылы мемлекеттік органдардың сервистеріне қосылуға 68 өтінім берді.

Мемлекеттік органдар техникалық талаптарды әзірлеп, тапсырды. "Атамекен" тарапынан сервистер әзірленуде.

Министрлік тарапынан интеграция бойынша қажетті қолдау көрсету жалғасатын болады.

Президенттің тапсырмасы шеңберінде Министрлік "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын қайта қарау бойынша жұмыс жүргізді.

Бағдарламаның жаңа өзгерістері бойынша Цифрландыру жөніндегі, Асқар Ұзақбайұлы, Сіздің төрағалығыңызбен өткен комиссия отырысында баяндалды.

Өзгерістер 10 технологиялық платформаны құруды қарастырады. Сонымен қатар, қазақстандық IT-шешімдерге көшуді және ел ішінде деректерді сақтау мен өңдеудің жаңа мүмкіндіктерін қолдануды көздейді.

Қазіргі уақытта бағдарлама мемлекеттік органдар тарапынан қарастырылуда. Жақын арада Үкіметке енгізіледі.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдардан, осы өзгерістерді жедел түрде қарастыруды сұраймыз.

Мемлекет басшысының келесі тапсырмасы, Интернетке қолжетімділік бойынша.

Бүгінгі күні, еліміздің 4 649 елді мекені интернетпен қамтылған. Ол халықтың 97% құрайды.

Ағымдағы жылы 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерге талшықты-оптикалық желілер, мобильді және радиотехнологиялар арқылы интернетті жеткізу жобаларын аяқтау жоспарланған.

Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде Интернетпен қамту деңгейі 99,3% жетеді.

Ұялы байланыс операторларымен мұғалімдер мен оқушыларға арналған арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесі пысықталды. Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру отандық ресурстарына қолжетімділікті қарастырады.

Бұл қашықтықтан оқытуға көшуге, сондай-ақ, еліміздің шалғай елді мекендерінде электрондық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының жер қатынастарын цифрландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесін құру жұмыстары аяқталды.

Қазіргі таңда, жүйе "Интернет арқылы жер беру" пилоттық жобасын іске асырудың негізгі бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні жоба Ақтөбе қаласында пилоттық режимде жұмыс істей бастады.

Сонымен қатар, слайдта көрсетілгіендей жергілікті атқарушы органдардың геопорталдары 100% дайын болса қалалар мен аймақтарда пилоттық жобаны бастауға дайынбыз.

Әкімдіктер Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп геопорталдардың техникалық дайындығын қамтамасыз етіп, пилоттық жобаларды іске асыруы қажет.

Онлайн-сауда арқылы жер беруді бастау үшін Қаржы министрлігі "Мемлекеттік тіркелімнің" электрондық сауда алаңын электрондық үкімет порталымен және Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрымен біріктіруді қамтамасыз етуі керек.

Жобаның маңыздылығын ескере отырып, тез арада аталған шараларды іске асыруды сұраймыз.

ҚР АШМ желісі бойынша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін болдырмау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты молықтыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Импорт алмастыруды ескере отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде айқын жоспар әзірленді.

Сақтау инфрақұрылымы бойынша қазір республикада 27 млн. тонна сақтау сыйымдылықтары, оның ішінде 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны бар.

Алайда, шағын және орта фермерлерге арналған 10 мың тоннаға дейінгі кішігірім астық қоймаларының мәселесін шешу керек. Мұндай тәжірибе АҚШ пен Канадада бар, біз де бұл бағытта мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, маусым аралық кезеңде қазіргі заманғы көкөніс сақтау орындары мен жеміс сақтау орындары жетіспейді (1,9 млн. тоннаға 1 249 бірлік). Бұл үшін заманауи сақтау орындарын салуға жеңілдетілген кредит беру және инвестициялық субсидиялау жүзеге асырылуда.

Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыруға қатысты сыртқы нарықтардың конъюнктурасы зерттеледі. Көлік шығындарын субсидиялаумен қатар, экспорттық өнімді сертификаттауға жұмсалған шығынға өтемақыны енгізу, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өнімін жылжытудың жаңа тиімді маркетингтік құралдарын енгізу пысықталатын болады. Импорттаушы елдердің нарықтарына егжей-тегжейлі шолу жасай отырып, "экспорттық гидтердің" үлгілік жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде бірыңғай саясатты қалыптастыру үшін тиісті функциялар мен қажетті штат санын бере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында Тамақ және өңдеу өнеркәсібі комитетін құруды ұсынамыз.

Сондай-ақ, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың келесі кезеңге арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасында Шикізат және өңдеу салаларын дамыту жөнінде бірыңғай тәсілдеме көзделетін болады.

Жер мәселелеріне қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің талдамалық тобымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасады. Кеңінен талқылауға шығарылатын бірқатар ұсыныстар әзірленді.

4 өңірде (Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары) ғарыштық мониторинг бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Пилоттық жобаның бірінші кезеңі жайылымдық алқаптар бойынша аяқталды, екінші кезең жыртылған жерлер бойынша басталды, ол жыл соңына дейін аяқталатын болады.

Жер қатынастары саласын цифрландыру жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді, ол жер учаскелерін электрондық форматта тікелей ұсынуды көздейді. Талқылау аяқталғаннан кейін Заң жобасы ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін Парламент Мәжілісіне енгізілетін болады.

Жекелеген шектеулерді сақтау мүмкіндігі жағдайында егін жинауды қамтамасыз ету мақсатында биыл көктемде сынақтан өткен Жұмыс алгоритмі іске қосылатын болады. Бұл Алгоритмге фермерлердің бөгетсіз жүріп-тұруы, жанар-жағар май мен қосалқы бөлшектерді жеткізуі, сондай-ақ электрондық түрдегі және қағаз форматтағы арнайы рұқсаттары кіреді.

Егін жинау науқанына қажетті техниканы дайындау жұмысы басталды, жаппай жұмыстарды бастауға дайындық 100%-ды құрайды. Элеваторлар мен астық қоймаларының материалдық-техникалық базасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны