12.12.2019, 13:04 31158

Бизнес өкілдері кассалық апараттардыауыстыру немесе жаңадан сатып алу және POS-терминалдар орнату қажеттілігіне байланысты заңнаманы жемқорлыққа тексеруді өтінді

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, патентпен жұмыс жасайтын сауда кәсіпкерлері кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды сатып алып, жаңа тәртіп бойынша есеп жүргізу үшін арнайы оқытылған адамды жалдауы тиіс болады, себебі бұдан әрі олар патент негізіндегі салық тәртібін пайдалана алмайды

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан баспасөз-клубының алаңында Қазақстандағы жұмыспен қамтудың ең көп санды және алуан түрлі сегменті - саудаға қатысты ең ауыр сұрақтар көтерілді. Осыған дейін бастамашыл топ президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған болатын. Өздерінің жолдауында бизнес өкілдері барлық кәсіпкерлерге кассалық апараттарды (БКМ) жаңасына ауыстыру немесе оны жаңадан сатып алу және POS-терминалдар орнату қажеттілігіне байланысты заңнаманы жемқорлыққа тексеруді өтінді. Сонымен қатар қауымдастықтар да патентті БКМ және POS-терминалдарды пайдалану қажеттілігінсіз қазіргі жағдайында сақтауды, ал 2023 жылға дейінгі мерзімде шағын бизнес пен сауда кәсіпкерлеріне: қатысушылар санына байланысты айналым сомасын артқанына қарай 1-5 адамға арналған салық тәртібі туралы заңнаманы жасақтау және қабылдауды өтінді. Яғни, олар шектеулерді нарықтың үнемі өзгеріп отыратын жағдаятына сай орындауға қолайлы етіп жасап, нарыққа шығуға артық кедергілерді алып тастауды ұсынды (хат қосымшада).

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, патентпен жұмыс жасайтын сауда кәсіпкерлері кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды сатып алып, жаңа тәртіп бойынша есеп жүргізу үшін арнайы оқытылған адамды жалдауы тиіс болады, себебі бұдан әрі олар патент негізіндегі салық тәртібін пайдалана алмайды, ал есеп жүргізуді ұйымдастыру дағдылар мен білімді қажет етеді. "Жұрттың бәріне жеңілдетілген декларация негізіндегі мүлде оңай емес есеп жүргізуге өту қажет болады", - деп атап өтті өз сөзінде "Учет" компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев. Қатысушылардың айтуынша, есеп жүргізу үшін өз табысының ең салмақты үлесін ең шағын кәсіпкерлер береді екен.

Сондай-ақ, қатысушылар нарықтағы бәсекелестіктің артып келе жатқанын тілге тиек етті. ЕАЭО жағдайында сауда тек Қазақстанның ішінде бәсекелесіп қана қоймайды, біршама тиімді шарттармен жұмыс жасап отырған алып көршілердің интернет-алаңдарының қолжетімділігі Қазақстан кәсіпкерлерінің тауар айналымын айтарлықтай бәсеңдетіп отыр, шағын сауда сегментіне тек тосын сатып алулар нарығы ғана тиесілі болып қалды.

Аздаған статистика: саудаға 1385 мың қазақстандық тартылған - бұл елдің жұмыспен қамтылған халқының 16%, олардың ауқымын инстаграм желісі арқылы торт сататын қыздардан бастап, елдің сауда үйлеріндегі люкс бутиктерінің иелеріне дейінгі кәсіпкерлер құрайды. Бұл сегменттің барлық деңгейлері нарыққа шығудың теңдей мүмкіндіктеріне ие болуы тиіс.

Қатысушылар бөлшек сауда кәсіпкерлері үшін патентті пайдалану мүмкіндігін уақытша сақтап қалып, ескіріп отырған кассалық аппараттарды пайдалануға мәжбүрлемей, келешекте әділ салық салуды қамтамасыз етіп, есеп жүргізуі оңай салық тәртібін жасақтауды тағы бір рет өтініш етті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны