01.02.2017, 18:02 4998

Бизнес өкілдері Бірыӊғай экспорт стратегиясын әзірлеуге тікелей қатысады

Жолдауда аталғандай, биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыӊғай экспорт стратегиясын әзірлейді.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов кезекті Елбасы Жолдауы шеӊберінде Палатаныӊ атқаратын жұмыс бағыты жайында мәлімдеді.

Биыл экономиканы дамытуда жаӊа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға күш берілмек. Аталған салалардыӊ ішінде агроөнеркәсіптік кешенініӊ де маӊызы зор. Мемлекет басшысы Жолдауда өӊірлерде бизнес жүргізуге жағдайды әріқарай жақсартуды жүктеді.

Жолдауда агроөнеркәсіп кешені ел экономикасыныӊ драйвері ретінде аталды. Біріншіден, субсидия саласы, яғни тиімділігі жоғары субсидияларды дамытуға, екіншіден, ауылды жерге бағытталған шағын несиелеу, сонымен қатар жеке шаруа қожалықтардыӊ басын біріктіріп, 500 мыӊға жуық коопертивтер құру, суармалы алқаптарды кеӊейту, тауарларды тасымалдау, сақтау, өткізуді қолға алу туралы айтылды. Осы аталған бағыттардыӊ барлығы - ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатындағы көлемді міндет болып табылады.

"Осыған орай "Атамекен" Ауылшаруашылығы министрлігімен бірге жаӊа мемлекеттік бағдарлама әзірледік. Басым бағыттар бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Ир өӊірде 20-дан астам кооперативтер құрдық. Ауылшаруашылығымен айналасып жатқан шаруаларға өз өнімін делдалдарсыз өткізуге, шаруашылықты кеӊейту үшін шағын несиелер алу, жер игерудегі қажетті техниканы алуға кепілдік жасап отырмыз. Сондықтан ауылшаруашылық саласында жоспарлар көп", - деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

"Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ айтуынша, агроөнеркәсіп кешенін дамытуда Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, әкімдіктер болып жұмыла жұмыс істеу қажет. Ауылшаруашылығы, жалпы ауыл тұрғындарыныӊ тұрмысын жақсарту, өӊірлерде жалғыз қатынас құралы - жолдарды қалыпқа келтіру, шағын кооперативтер, оныӊ ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту қолға алынбақ.

Сондай-ақ бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруға да көӊіл бөлінген. Елбасы Үкіметке 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есеұлғайтуды міндеттеді.

Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру тапсырылған. Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеӊес құрылып, оныӊ құрамына міндетті түрде бизнес-қоғамдастық өкілдері кіретін болды.

Жолдауда аталғандай, биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыӊғай экспорт стратегиясын әзірлейді.

"Қазақстанда өндірілетін экологиялық таза өнімдер "Қазақстанда жазалған" белгісімен экспорттау жолға қойылып келеді. Мәселен, Қытай отандық ет өнімдеріне қызығушылық танытуда. Сонымен қатар "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Араб әмірліктерімен отандық өнімдерді экспорттау жолдарын талқылауда", - дедіАбылай Мырзахметов.

БасқармаТөрағасы отандық кәсіпкерлердіӊ Ресей, Иран, Үндістан сынды алып нарықтарға шығу мүкіндіктері бар екенін атап өтті. Онымен қоса Қазақстанда өндірілетін сапалы тауарлар әлемге табиғи, органикалық өнімдерді шығаратын фабрикаға айналу мақсатын ұстанып, бизнес өкілдерін ұтымды жақтарымызды тиімді пайдалануға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны