16.08.2019, 19:24 30547

Бизнес үшін грант: жеке кәсіпті неден бастау керек?

Ағымдағы жылы бағдарламаға көп балалы отбасылар мен жастарды қолдауға бағытталған өзгерістер енгізілді.

Нұр-Сұлтан.16 тамыз. Kazakhstan Today - Жас кәсіпкер Евгения Шелудько өткен жылдың наурыз айында жеке кәсібін ашты. Өз қабілеттеріне күмәнданған кейбір жас кәсіпкерлерге қарағанда, біздің кейіпкеріміз бизнес әлеміне батыл қадам басты.

Евгения бөдене өсірумен айналысады. Оның командасы Екібастұз және Павлодар қалаларына осы құстың еті мен жұмыртқасын жеткізеді.

- Барлығы мен жүлдегері болып табылатын "StartUp Болашақ" конкурсынан басталған еді.Ол конкурстан кейін мен "Бастау Бизнес" бағдарламасына қатыстым. Байқаудағы тәлімгерлердің бірі мені оқуға шақырған соң қолымда сертификат болғандықтан, грантқа өтініш білдірдім. Жобаны сәтті қорғап шықтым да грант қаражатын пайдаланып қажетті жабдық сатып алдым,- деді бизнесвумен.

"Бастау Бизнес" бағдарламасының көптеген артықшылықтарын қоспағанда, өнімдерін сақтайтын тоңазытқыштар сатып алуының өзі Евгенияның кәсібіне айтарлықтай оң әсер етті.

- Бүгінде "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры мені түрлі көрмелерге жиі шақыратын болды. Бұл, әрине, жаңа таныстықтар арқылы жаңа клиенттердің келуіне мүмкіндік береді және жалпы бизнестің дамуына оң әсер етеді, - деп кейіпкеріміз сөзін сабақтады.

Евгенияның негізгі мамандығы - фельдшер. Дегенмен, бұл оның өзіне мүлдем басқа жолды таңдауына кедергі болған жоқ. Оған қоса, кәсіпкер өзінің жеке ісін өркендету үшін білімін жетілдіретін "алтын кеніш" тапқандай болды.

- Жақында мен "Әйелдер микробизнесі" жобасына қатыстым. Қазіргі уақытта "Атамекен" ҰКП-ның "Іскерлік байланыстар" жобасының қатысушысымын. Айтайын дегенім, бүгінде көптеген жобалар бар, бірақ, олардағы ақпараттар жиі қайталанады. Ал мен үшін "Бастау Бизнес" расымен де бизнесімнің бастауы болды, бұл менің кәсіпкер ретінде есеюуім деп білемін, - деді Евгения Шелудько.

"Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. Жыл басынан бері оқуға қабылданған 15 мың азаматтың 3,5 мыңнан астамы өз ісін ашуға және ілгерілетуге гранттар мен микрокредиттер алды.Осылайша, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін кәсіпкерлік субъектілерді мүмкіндігінше көп қамту жоспарлануда.

- Бізге бизнес-жоспар, қаржы жоспары не екенін және оларды қалай жасайтынын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сол кезде бизнеске жаңадан қадам басқан мен үшін ол өте маңызды болды. Менің кәсіпкерліктегі алғашқы мектебім десем де болады. Бүгінде басқа жобаларға келгенде мен бәрін біліп отырамын.Айтпақшы, біз "Біздің өнім" деп аталамыз, өнімдерімізді алғысы келгендер болса интернеттен тауып ала алады, - деп Евгения сөзін қорытындылады.

Ағымдағы жылы бағдарламаға көп балалы отбасылар мен жастарды қолдауға бағытталған өзгерістер енгізілді.

Мәселен, 2019-2021 жылдары жастардың жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін аз қамтылған көп балалы отбасыларға, аз қамтылған мүгедектігі бар еңбекке жарамды адамдарға 505 мың теңгеге дейінгі мөлшерде 30 мың тегін грант беріледі.

Бұдан басқа, жыл сайын жастарға, көп балалы аналарға, мүгедектігі бар адамдарға жеке кәсібін ашу үшін 6,5 млн.теңгеге дейінгі мөлшерде және зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 20 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде 5 мың микрокредит берілетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны