26.07.2011, 14:35 3731

Бизнесті қолдау бағдарламасының аясында 175 кәсіпорын үшін өндірістік инфрақұрылым жасалады

"175 кәсіпорын үшін өндірістік инфрақұрылым салынып және қайта жөнделуде. Жетіспеген инфрақұрылым жекелеген жобалар үшін де және индустриялық аймақтарды ұйымдастыру аясында да салынуда", - деп хабарлады Қ. Келімбетов үкімет отырысында.

Астана. 26 шілде. Kazakhstan Today - Бизнесті қолдау бағдарламасының аясында 175 кәсіпорын үшін өндірістік инфрақұрылым қайта жөнделеді және салынады, деп мәлімдеді ҚР экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"175 кәсіпорын үшін өндірістік инфрақұрылым салынып және қайта жөнделуде. Жетіспеген инфрақұрылым жекелеген жобалар үшін де және индустриялық аймақтарды ұйымдастыру аясында да салынуда", - деп хабарлады Қ. Келімбетов үкімет отырысында.

"Ауқымды жоғары технологиялы индустриялық жобаларды жүзеге асыру және жүйені құраушы кәсіпорындарды қолдау таяуда іске қосылған "Өнімділік-2020" және "Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру" бағдарламаларының аясында қамтамасыз етілетін болады", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны