15.03.2012, 11:08 3647

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына енгізіліп жатқан өзгерістер шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған

Қазақстанның Халықтық жинақтаушы банкі "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ұсыныстарға қолдау білдіреді, деп хабарлады банк басқарма төрағасының орынбасары Станислав Кособоков Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына енгізіліп жатқан өзгерістер шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның Халықтық жинақтаушы банкі "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ұсыныстарға қолдау білдіреді, деп хабарлады банк басқарма төрағасының орынбасары Станислав Кособоков Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

"Бағдарламаға енгізіліп жатқан өзгерістер өте өзекті болып табылады және өзгерістер әсіресе несиелерді кепілдендіру құралдарына қатысты болып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау білдіру үшін кепілдендіру үрдістерін жеңілдету керек", - деді С. Кособоков.

Сонымен қатар, ол бағдарламаға белсенді ат салысқан 1,5 жылда Халық банкінде 100-ден астам жоба мақұлданған. Осы бағыттағы клиенттер саны артып келеді.

"Біз "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына Экономикалық даму және сауда министрлігі енгізіп жатқан өзгерістерді қолдаймыз, себебі олар кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін жақсартуға бағытталған", - деп түйіндеді С. Кособоков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны