09.10.2009, 13:51 1746

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарын кейінге шегеру - объективті қажеттілік - сарапшы

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарын кейінге шегеру - объективті қажеттілік - сарапшы

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарын кейінге шегеру жөніндегі шешім объективті қажеттіліктен туындады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Экономикалық зерттеулер институтының макроэкономикалық талдау және болжам орталығының директоры Сара Алпысбаева мәлім етті.

"Біз дағдарыстың екінші толқыны болу ықтималдығына зерттеулер жүргіздік... Осы жылдың аяғы мен 2010 жылдың басында әлемдік қаржы дағдарысы тағы да асқыну ықтималдығы бар", - деді С. Алпысбаева.

"Осындай жағдайда мемлекет дағдарысқа қарсы қосымша шараларды дәйектеу және сондай қосымша шараларлы қарсы қою үшін, босап қалған жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау үшін қолда бар қаражатын жұмылдыруға тиіс",- деді ғалым.

Оның айтуынша, Қазақстанда "бұған дейін қабылданған шаралар жаппай қаржылық дағдарыстың әсерін азайтуға мүмкіндік берді", атап айтсақ, қазіргі уақытта Жалпы ішкі өнімнің 2% шамасында төмендеуіне ғана әкелді, "ал ірі экономикалардағы құлдырау бұдан да ауқымды болды".

Сонымен бірге, оның айтуынша, қолайсыз сценарий дамыған жағдайда мемлекет бюджеттің тапшылығын ұлғайтуға мәжбүр болмақ. "Өз функцияларын сақтап қалу үшін мемлекет бюджеттің тапшылығын ұлғайтуға мәжбүр болмақ. Егер қазір бюджет тапшылығы 3,4% болса, 2010 жылы бюджет тапшылығы 4% дейін өседі. Бұл - Қазақстан тарихында алғаш рет болып отырған жайт", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны