30.09.2015, 14:24 7921

БКМ қолданудыӊ жаӊа тәртібіне көшу мәселелері бойынша

Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ қатысуымен бизнес-қауымдастықтыӊ өтініші бойынша Мемлекеттік кірістер комитетімен 2015 жылғы 1 қазанға дейін БКМ қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілген жоқ.

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылғы 1 шілдеден бастап сауда операцияларын ақшалай есеп айырысулар барысында қызметтері ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда төлем бензинді (авиациалық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін фиксация және (немесе) деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті екенін ескертеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ қатысуымен бизнес-қауымдастықтыӊ өтініші бойынша Мемлекеттік кірістер комитетімен 2015 жылғы 1 қазанға дейін БКМ қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілген жоқ.

Сонымен қатар салық заӊнамасымен көзделген БКМ қолдану тәртібін сақтамаған жағдайда Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны