07.06.2012, 10:03 1512

БҚО цементті-жоңқалы тақталар өндіретін шаруа қожалығы өндіріс көлемін кеңейтті

Өндіріс өңделген ағаш өнімдерін көтерме және бөлшек сатумен айналысады. Қайтадан ашылған "Урал-Лес" базасында ағашты қабылдап алу және кептіру, ағаш кесу жайлары, қажетті жабдықтармен жарақталған дайын өнімді сақтау және сауда жайлары бар.

Астана. 7-маусым. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Урал-Лес" шаруа қожалығы өз өндірісін кеңейтіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бағдарлама аясында цементті-жоңқалы тақталар өндірісі субсидияланып отыр. Бұл құрылыс материалы тұрғын үй құрылысына қолданылады.

Өндіріс өңделген ағаш өнімдерін көтерме және бөлшек сатумен айналысады. Қайтадан ашылған "Урал-Лес" базасында ағашты қабылдап алу және кептіру, ағаш кесу жайлары, қажетті жабдықтармен жарақталған дайын өнімді сақтау және сауда жайлары бар.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша алған несиеге жаңа өндірістік корпус салып жатырмыз. Онда цементті-жоңқалы тақталар шығаратын боламыз. Ағаш өңдеуден қалған қалдық жоңқаны кәдеге асырып, оған әк және цемент қосамыз. Тұрғын үй құрылысында пайдалануға болатын экологиялық таза материал шығарылады",- дейді "Урал-Лес" шаруа қожалығының басшысы Виктор Мартьянов.

"Урал-Лес" кәсіпорнында 30-ға жуық адам еңбек етеді. Өндіріс қуатының артуына байланысты еңбек ұжымы кеңейтіледі.

2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысында БЖК-2020 бағдарламасы бойынша 10,4 млрд. теңге соманың 67 жобасы мақұлданды. Оның ішінде, ағымдағы жылдың басынан бері 4,2 млрд. теңге соманың 17 жобасы мақұлданып отыр.

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы Мемлекеттік үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты -экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны