09.07.2014, 22:42 2903

БҚО ет экспорттау әлеуетін дамыту бойынша бірінші орында - Г.Исаева

Батыс Қазақстан облысы елімізде етті экспорттау әлеуетін дамыту бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен мемлекеттік салалық "Агробизнес-2020" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылаған кеңейтілген кеңесте ҚР Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева мәлім етті.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Батыс Қазақстан облысы елімізде етті экспорттау әлеуетін дамыту бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен мемлекеттік салалық "Агробизнес-2020" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылаған кеңейтілген кеңесте ҚР Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева мәлім етті.

Агроөндірістік кешенді жаңа сапаға көтеру мақсатын көздейтін "Агробизнес-2020" бағдарламасын жүзеге асыру бүгінгі таңда әлі аяғын нық басып кете алмай тұр. Өйткені бағдарлама туралы шаруа баққан ағайынның бәрі бірдей біле бермейді. Ауыл тұрғындарына аталмыш бағдарлама туралы ақпаратты толық жеткізу үшін, өңір басшысы бұған дейін облыстың барлық аудандарын аралап қайтқан болатын, делінген хабарламада.

Аймақ басшының аудандарға сапары ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің көкейкесті мәселелерін ашық ортаға салып, пікірлесуге мүмкіндік берді.

"Біз 12 ауданды аралап шығып, бүгін, міне, қорытынды кеңесте бас қосып отырмыз. Осы кездесулерде көтерілген мәселелердің бірқатары бүгінгі таңда өз шешімін тапты, кейбіреулері шешіле келді, ал енді біреулері Үкімет пен Министрліктің қатысуымен ғана шешілмек. Бұл мәселелер жүйеленіп, бақылауға алынды және оларды біз назардан тыс қалдырмаймыз. Ир ауданның кесте-жоспары жасалып, олардың басшыларына жүктелген міндеттердің орындалу барысы жылына 2 рет облыс әкімдігінде тыңдалатын болады. "Агробизнес-2020" бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың, қаржы институттарының және елімізді дамыту институттарының өкілдері тарапынан әрі қарай да жалғасын таба бермек", - деп БҚО әкімі өз ойын түйді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны