10.01.2014, 18:53 3346

БҚО-да жұмыртқа өндіретін 2 жаңа цех іске қосылады

Фабрика күн сайын 100 мың дана жұмыртқа өндіруде. Жыл басына дейінгі мәлімет бойынша жалпы өнім көлемі 38 млн. дана құрады. Кәсіпорын толық өндірістік қуатына көшкен кезде өнім көлемі қазіргіден екі есе өседі. Қазір өндірілген өнім көршілес Атырау мен Маңғыстау облыстарына сатылуда. Болашақта Ресейге де экспортталмақ.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Зеленов ауданының Новенький ауылында орналасқан "Агрофирма "Ақас" ЖШС-ның құс фабрикасында болды. Қазір мұнда жаңадан екі цехтың құрылысы жүргізілуде. Цехтың бірі қаңтар айының аяғына таман іске қосылады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құс фабрикасының іргетасы 2000 жылы қаланған еді. ЖШС 60 мың мекиенге арналған алғашқы цехтың құрал-жабдығы Ресейден сатып алынған. 72 мың мекиенге есептелген екінші цех украиналық желі арқылы жұмыс істемек. Бұл мақсатқа кәсіпкер банктерден 180 млн. теңге несие алып жұмсаған", - делінген хабарламада.

Фабрика күн сайын 100 мың дана жұмыртқа өндіруде. Жыл басына дейінгі мәлімет бойынша жалпы өнім көлемі 38 млн. дана құрады. Кәсіпорын толық өндірістік қуатына көшкен кезде өнім көлемі қазіргіден екі есе өседі. Қазір өндірілген өнім көршілес Атырау мен Маңғыстау облыстарына сатылуда. Болашақта Ресейге де экспортталмақ.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда өндірілген жұмыртқа Атырау және Маңғыстау облысына тасымалдануда. Кейіннен РФ шығару да жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны