13.01.2012, 15:21 3766

Болат Ақшолақов мұнай және газ вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі лауазымына Болат Ақшолақов тағайындалды. Бұл туралы Мұнай және газ министрлігінің ресми сайтында хабарланған.

Астана. 13-қаңтар. Kazakhstan Today - Болат Ақшолақов мұнай және газ вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі лауазымына Болат Ақшолақов тағайындалды. Бұл туралы Мұнай және газ министрлігінің ресми сайтында хабарланған.

Болат Ақшолақов 1971 жылғы 9 сәуірде Гурьев (қазіргі - Атырау қ.) қаласында өмірге келді. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді. "Қазақстан Илем Банкінде" бас экономист, бағалы қағаздар бөлімінің бастығы, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінде активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, "Қазақойл ҰМК" ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2010 жылдың шілдесінен "PSA" ЖШС бас директоры.

Ал 2011 жылдың 5 қазанынан - 21 желтоқсанына дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны