04.02.2010, 15:39 4805

Боливариандық альянс елдері сукре атты ортақ ақшасын айналымға енгізді

Боливариандық альянс елдері сукре атты ортақ ақшасын айналымға енгізді

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - "Біздің Америка халықтары үшін Боливариандық балама" атты альянсқа (ALBA) біріккен елдер кеше өзара сауда-саттықта есеп айырысатын шартты ақша бірлігі - сукрені айналымға енгізді.

ALBA саяси-экономикалық блогына Боливия, Венесуэла, Гондурас, Куба, Никарагуа, Эквадор, Кариб бассейніндегі арал- мемлекеттер - Антигуа және Барбуда, Сент-Винсент және Гренадины, және Доминикан Достастығы кіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Todaу ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бірінші транзакция Венесуэла мен Куба арасында жасалды. Венесуэлалық компания 360 тонна күріш жеткізгені үшін кубалық импорттаушылар АЛБА банкі арқылы 108 мың сукре аударды.

АҚШ долларына шаққанда сукренің құны 1,25 доллар деңгейінде белгіленген, бұл АЛБА экспорттаушыларының бағалауынша, евро мен доллардың арақатынасын көрсетеді. АЛБА елдері тауар айналымын ұлғайту және долларға тәуелділікті азайту үшін өткен жылдың сәуір айында өзара сауда-саттықта есеп айырысатын шартты ақша бірлігі - сукрені айналымға енгізу туралы негіздемелік келісімге қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны