31.03.2008, 18:15 6739

Болжамдар бойынша Маңғыстау облысында 2008 жылы түсетін төлемдер мен салық көлемі 55,1 млрд теңгені құрайды

Болжамдар бойынша Маңғыстау облысында 2008 жылы түсетін төлемдер мен салық көлемі 55,1 млрд теңгені құрайды

Ақтау. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Болжамдар бойынша Маңғыстау облысында 2008 жылы түсетін кедендік төлемдер мен салық көлемі 55,1 млрд теңгені құрауы мүмкін. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Александр Сарсембеков құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның сөздері бойынша, салықтар мен кедендік төлемдер мөлшерінің болжамдар тапсырмасы 39,1% ұлғайтылды. Ал 2007 жылдың қорытындысы бойынша ондай төлемдер жоспары 39,6 млрд теңгені құрады. Департамент болжамдық тапсырманың 99,4% орындалуын қамтамасыз етті.

А. Сарсембеков атап өткеніндей, 2008 жылдың 27 наурызында Маңғыстау облысының кедендік бақылау комитетінің департаменті мемлекетке кедендік төлемдер мен салықтардың 7,5 млрд теңге көлемінде кірісін қамтамасыз етті. "Өткен 2007 жылмен салыстырғанда бұл түсім көлемі 5,1% артық болды", - деп атап өтті ол.

Облыстық кедендік бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, 2008 жылдың наурыз айының аяғында сыртқы сауда айналымы $2,2 млрд жетіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 57,6% артық ($1,4 млрд). Сонымен бірге тауар импорты мен көлік құрамы $391,1 млн құрап, экспорт мөлшері - 1,8 млрд теңгеге жетті.

Сондай-ақ, есептік кезең бойынша, аймақтан 2 млн 700,785 мың тонна мұнай сыртқа шығарылып, оның жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрады.

Жалпы жүк айналымының көлемі 3 млн 234 мың 225 тоннаны құраса, оның 233 785 тоннасы импорт үлесінде, ал 3 млн тоннасы экспорт болды.

Биылғы жылдың наурыз айының соңында 5577 кедендік жүк декларациясы толтырылды. Бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 7,9% артық (5171).

Осы кезең аралығында 2008 жылы 20 паром, 241 мұнай құятын танкер және 129 құрғақ жүк рәсімделді. Ақтау әуе жайында 831 халықаралық әуе рейсі өткізілді.

А. Сарсембеков атап өткеніндей, жыл басынан бері кедендік ережелерді бұзғандығы үшін 127 әкімшіліктік іс қозғалып 15,7 млн теңгеге айыппұл салынды. Сот шешімімен мемлекет есебіне 122 мың теңгеге тауарлар мен көлік кәмпескіленді. 5 қылмыстық іс қозғалып, 2,645 грамм есірткі заты тәркіленді.

Ол хабарлағанындай, есеп беру кезеңі ішінде ішкі қауіпсіздік бөлімі бес қызметкерді тәртіптік жауапқа тартып, үшеуіне қатысты сыбайлас жемқорлық карточкалары қолданылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны