26.10.2017, 16:17 7931

"Бөрте-Милка" компаниясы тәулігіне 50 тонна сүт өӊдейтін зауытты іске қосады

Оӊтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан еӊ соӊғы үлгідегі қондырғыларымен жабдықталған "Бөрте-Милка" кешенді сүт фермасы таяуда сүт өӊдеу зауытын іске қоспақ.

Шымкент. 26 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан еӊ соӊғы үлгідегі қондырғыларымен жабдықталған "Бөрте-Милка" кешенді сүт фермасы таяуда сүт өӊдеу зауытын іске қоспақ.

Тәулігіне 50 тонна сүтті өӊдеуге қауқарлы кәсіпорын қаймақ пен айран және балаларға арнап "Бөрте Милка" йогуртыныӊ 6 түрін шығаратын болады. Кәсіпкердіӊ айтуынша, қазіргі таӊда зауыт іске қосылуға толықтай дерлік дайын. Жұмысын бастаған күннен бастап шағын фермерлерден де сүт қабылдай бастамақ. Олармен келісім-шарт жасалады.

Компания кешені өӊірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Ферма шведтіӊ DeLaval компаниясыныӊ еӊ заманауи технологиясын қолданып соғылған.

Мұндағы барлық жұмысты дерлік роботтар атқарады - сиырды тазалап, сауады және тұратын орнын тазалайды. Жемделетін сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі, сиырдыӊ тойғанын анықтау камералары орнатылған.

Инвестиция көлемі 2,4 млрд теӊгені құрайды. Мұнда Гольдштейн Фриз тұқымдас 700 сиыр бар. Ирқайсысына бірегей коды бар чип орнатылған. Сауын сиыр туралы ақпарат жалпы компьютерге түседі. Ир сиырдан тәулігіне 30-40 литр сүт сауылады. Осылайша бір тәулікте шамамен 9 тонна сүт жиналуда.

Осынау жұмыстыӊ барысымен бүгін облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы ұйымдастырған пресс-тур барысында БАҚ өкілдері мен блогерлер танысып көріп қайтты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны