29.01.2013, 12:38 3022

"Бозай-Шымкент" газ құбыры учаскесін іске қосу биылдың өзінде Қазақстанның оңтүстігін газбен жабдықтау мәселесін шешеді

"Бозай-Шымкент" газ құбыры учаскесін іске қосу биылдың өзінде Қазақстанның оңтүстігін көгілдір отынмен жабдықтау мәселесін шешеді, деп мәлім етті ҚР Премьер-Министрі Серик Ахметов Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде.

Астана. 29-қаңтар. Kazakhstan Today - "Бозай-Шымкент" газ құбыры учаскесін іске қосу биылдың өзінде Қазақстанның оңтүстігін газбен жабдықтау мәселесін шешеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бозай-Шымкент" газ құбыры учаскесін іске қосу биылдың өзінде Қазақстанның оңтүстігін көгілдір отынмен жабдықтау мәселесін шешеді, деп мәлім етті ҚР Премьер-Министрі Серик Ахметов Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай, биылғы жылы Бейнеу-Бозай-Шымкент газ құбырының бірінші учаскесін іске қосу керек және Бейнеу-Бозай екінші учаскесі бойынша оның құрылысына 2014 жылы емес, 2013 жылы кірісу үшін барлық дайындық жұмыстарын аяқтау қажет", - деп атап айтты С.Ахметов.

ҚР Премьер-Министрі атап өткендей, газ саласының негізгі міндеті еліміздің тұтынушыларын газбен тұрақты әрі үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

"Еліміздің оңтүстік өңірлері ортаазиялық газға тәуелді екенін білеміз. "Бозай-Шымкент" газ құбырын салу биылдың өзінде еліміздің оңтүстігінде газ болуын қамтамасыз етеді, бұл біздің тұтынушыларымыз үшін өте маңызды. Еліміздің көптеген тұрғындары көгілдір отын жеткізілетін күнді асыға күтуде", - деп баса айтты С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны