14.04.2017, 20:28 6361

"Бозой" компрессорлық станциясында ТМД аумағында теӊдесі жоқ газ айдау агрегаты іске қосылды

Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастыӊ 25 жылдығын атап өту шеӊберінде Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ мен "Trans-AsiaGasPipelineCompanyLimited" компаниялары "Бейнеу-Бозой-Шымкент" (ББШ) магистральдық газ құбырыныӊ (МГҚ) "Бозой" компрессорлық станциясында (КС) газ айдау агрегатын пайдалануға енгізді.

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастыӊ 25 жылдығын атап өту шеӊберінде Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ мен "Trans-AsiaGasPipelineCompanyLimited" компаниялары "Бейнеу-Бозой-Шымкент" (ББШ) магистральдық газ құбырыныӊ (МГҚ) "Бозой" компрессорлық станциясында (КС) газ айдау агрегатын пайдалануға енгізді.

"Бозой" компрессорлық станциясы еӊ озық технологиямен жабдықталған кешен және оныӊ түрлі қысымдағы екі газ құбырынан газқабылдай алатын бірегей мүмкіндігі бар. Газ "Бұқара-Орал" және "Орта Азия-Орталық" МГҚ алынатын болады. Компрессорлық станция арнайы тапсырыс бойынша жасалған және әлемдік практикада бұрын қолданылмаған инновациялық "back-to-back"газайдау агрегаттарымен жабдықталған.

Газайдау агрегаттарын іске қосу шарасынБірыӊғай диспетчерлік пунктте"ҚазМұнайГаз" ҰКАҚ Басқарма төрағасы С.М.Мыӊбаев, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ вице-президенті Қ.Қ.Шәріпбаев және CNPC корпорациясыныӊ бас директоры Чжан Цзяньхуа жүзеге асырды.

Салтанатты шара барысында сөз алған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы С.М.Мыӊбаевқытайлық әріптестерге бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіріп, бұл жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ газ саласыныӊ алдына қойған маӊызды міндеттердіӊ бірін шешуге зор ықпалын тигізгенін атап өтті. "Біз бүгін еліміздіӊ газ саласы үшін маӊызы зор оқиғаныӊ куәсі болып отырмыз. "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ салу ""Бозой" КС салу Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы үшін аса маӊызды болып отыр. КС салу туралы шешімніӊ қаншалықты өзекті және уақытылы қолға алынған жоба екендігін шешімін тапқан мына мәселелерден-ақ аӊғаруға болады, яғни салынып жатқан "Қараөзек" КС іске қосылған соӊ газ гасымалдауды жылына 10 млрд. текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды. "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырыныӊ тиімділігі артты және еліміздіӊ батыс өӊірлерінен оӊтүстік облыстарына үздіксіз газ беру қамтамасыз етілді".

CNPC корпорациясыныӊ бас директоры Чжан Цзяньхуа Қазақстан мен Қытайдыӊ әріптестігініӊ маӊызы үлкен екенін атап өтті. "Бозой" КС іске қосылуы ҚазМұнайГаз, ҚазТрансГаз және CNPC компанияларыныӊ бірлескен жұмысындағы үлкен кезеӊ. Бұл жоба әлдеқайда көбірек қазақстандықтар көгілдір отынныӊ қызығын көріп, Қытайға газ экспорттауға мүмкіндік береді. Қытай мемлекетініӊ "Бір белдеу-бір жол" атты бастамасы Қазақстан Президентініӊ инфрақұрылымды дамытуға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасымен үндестік тауып отыр" - деп атап өтті Чжан Цзяньхуа.

"ББШ" МГҚ тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ірі құбыржолы жобасы болып табылады. Оныӊ құрылысын салуүдемелі индустриялық-иновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгізіліп, еліміздіӊ энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, қазақстандық газ экспортын әртараптандыруға бағытталған.

"Бозой" КС пайдалануға енгізу, егемен Қазақстанныӊ газ саласы тарихындағы және "Ұлы дала энергиясын" игеру жолындағы мәресіне жеткізілген тағы бір маӊызды бастама.Бүгінгі оқиға "ҚазТрансГаз" компаниясыныӊ стратегиялық басымдығына сәйкес іске асырылды, ол еліміздіӊ оӊтүстік өӊірлерінотандық көгілдір отынмен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанныӊ Қытай Халық Республикасымен достық қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік береді.

АНЫҚТАМАЛЫҚ:

Жаӊа "Бозой" КСАқтөбе облысында "ББШ" магистральдық газ құбырыныӊ 311 шақырымында салынған.2011 жылғы қаӊтар айында қазақстандық "ҚазТрансГаз" АҚжәне қытайлық "Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited" компанияларымен теӊ үлестік негізде "Бейнеу-Шымкент газ құбары" ЖШС құрып, жобаны іске асырудыӊ іргетасы қаланған болатын. Газ құбырын салу 2012 жылғы тамыз айында басталды. Жалпы ұзындығы 1166 км болатын "Бозой - Шымкент" учаскесін салу 2013 жылғы қыркүйек айында аяқталды. Ұзындығы 311 км болатын "Бозой - Шымкент" учаскесін пайдалануға енгізу 2015 жылғы қараша айында аяқталды.

Газ құбырын пайдалануға енгізу,Қазақстан Республикасыныӊ барлық магистральдық газ құбырларын: "Союз", "Орта Азия - Орталық", "Бұхара - Орал", "Бұхара газды ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы", "Газли - Шымкент", "Қазақстан - Қытай"газ құбырын бірыӊғай газ тасымалы жүйесіне біріктіруге мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны