23.05.2014, 22:28 3767

Бразилияның Magnesita кәсіпорны Қазақстанда өз өкілдігін ашады

VII АЭФ шеңберінде Magnesita және Kaznex Invest экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі арасында инвестициялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Magnesita компаниясының Таяу Шығыс, Африка және ТМД бойынша вице-президенті Зелбер Деттонье до Насименто және Kaznex Invest Басқармасының Төрағасы Қайрат Қарманов қол қойды.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. Бразилияның ең үлкен тау-кен өндіруші кәсіпорны - Magnesita компаниясы - Қазақстанда өз өкілдігін ашады. Бұл компания республикаға инвестициялау бойынша жоспарларымен байланысты.

VII АЭФ шеңберінде Magnesita және Kaznex Invest экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі арасында инвестициялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Magnesita компаниясының Таяу Шығыс, Африка және ТМД бойынша вице-президенті Зелбер Деттонье до Насименто және Kaznex Invest Басқармасының Төрағасы Қайрат Қарманов қол қойды.

Компания отқа төзімді материалдарды өндіруді Қазақстанда ашуға қызығушылық танытып отыр.

Осы бағытта бразилиялық компания әлемде жетекші орынға ие. Ұлттық агенттік өз тарапынан ақпараттық және талдамалық қолдауды, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары, әлеуетті серіктестермен келіссөздерді ұйымдастыруда көмек көрсететін болады.

АЭФ күндерінде Magnesita басшылығы ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевпен, "Казгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясымен, "Тау-Кен Самрұқ", "Қарағанды Инвест", Өскеменнің титан-магний комбинатымен,

"Южшахтострой" АҚ-мен кездесулер өткізді.

Айта кетерлігі,бұл Қазақстанға компанияның үшінші сапары. Алдыңғы сапарлар 2013 жылдың соңында және компания қатысқан және Қазақстанда бизнесті дамытуға қызығушылық білдірген Бразилияда Kaznex Invest агенттігімен өткізілген роуд-шоудан кейін сол жылдың басында болды.

Magnesita - әлемде отқа төзімді өнімді өндіру көлемі бойынша үшінші компания және отқа төзімді өнімдердің кешенді шешімдері саласында көшбасшы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны