06.04.2015, 19:52 4736

Brent мұнайыныӊ бағасы барреліне 55 доллардан асты

Дүйсенбі күні мұнайдыӊ әлемдік бағалары өткен бейсенбідегі төмендеуінен кейін түзеліп, оӊ серпінін көрсетуде. Бұл туралы сауда мәліметтері дәлел

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Дүйсенбі күні мұнайдыӊ әлемдік бағалары өткен бейсенбідегі төмендеуінен кейін түзеліп, оӊ серпінін көрсетуде. Бұл туралы сауда мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 7:18-дегі жағдайға келсек, Brent маркалы мұнайдыӊ солтүстіктеӊіздік қоспасыныӊ мамыр айындағы фьючерстерініӊ бағасы 1,36 пайызға өсіп, бір баррелі 55,71 долларды құрады. WTI маркалы мұнайдыӊ мамыр айындағы фьючерстерініӊ бағасы 2,04 пайызға өсіп, бір баррелі 50,14 доллар болды. Нарықтар жұма күні католиктік Пасха мерекесініӊ алдында жабылып, мұнай бағалары төмендеуден кейін онша көтеріле алмады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Мұнай бағасы бейсенбі күні халықаралық араағайындар "алтылығыныӊ" Иранмен келісімінен кейін күрт төмендеді. Тараптар уранды байыту бойынша ирандық қуаттардыӊ үштен екі бөлігініӊ он жылдыӊ ішінде тоқтатылатынына уағдаласты. ЕО Иранға қарсы санкцияларын ол қолжеткізілген уағдаластықтарды орындаған жағдайда тоқтатады. АҚШ Иранға қарсы санкцияларын міндеттемелерді орындауына қарай алып тастайды.

Мұнайға Сауд Арабиясыныӊ мамыр айында Азияға жеткізілетін мұнай бағасын көтергені, "қара алтынға" сұраныстыӊ жақсаруы туралы хабар да жақсы қолдау болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны