16.04.2010, 11:45 2724

БРИК елдері сауда-саттықтағы өзара есеп айырысуларда жергілікті валюталарды пайдаланбақ ниетте

БРИК елдері сауда-саттықтағы өзара есеп айырысуларда жергілікті валюталарды пайдаланбақ ниетте

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan Today - БРИК елдері сауда-саттықтағы өзара есеп айырысуларда жергілікті валюталарды пайдаланбақ ниетте, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Халықаралық экономикалық тұрақтылық мүддесіне сай біз Қаржы министрліктері мен Орталық банктерге өңірлік ақша саясаты саласындағы арақатынастар мәселесін қарастыруды және елдер арасындағы осы саладағы ынтымақтастық жайын талқылауды тапсырдық", - делінген бірлескен мәлімдемеде. "Сауда-саттықты оңтайландыру және инвестиция салу мақсатында біз ақша саласындағы ынтымақтастық мәселесі бойынша зерттеулер жүргізу, соның ішінде біздің елдер арасындағы сауда-саттықтағы өзара есеп айырысуларда жергілікті валюталарды пайдалану мәселесіне қатысты уағдаластықтар бойынша зерттеулер жүргізуге ниеттеніп отырмыз", - делінген құжатта.

Құжатта сонымен бірге халықаралық сауданы дамыту, соның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымының тікелей рөлі аясында халықаралық сауданы дамытудың маңызы айтылған. "Біз Ресейдің бұл ұйымға қосылуын бір ауыздан қолдаймыз", -делінген құжатта.

Сондай-ақ, онда Бразилия, Ресей мен Үндістан Қытайдың үшінші БРИК саммитін 2011 жылы өз елінде өткізу туралы құсынысын ризашылықпен қабыл алғандығы айтылған.

Еске сала кетейік, БРИК-ке Бразилия, Үндістан, Қытай және Ресей кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны