26.11.2012, 16:59 2976

"БТА Банк" АҚ проблемалық активтерді басқару бойынша Еншілес ұйым құрады

"Самұрық Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "БТА Банкі" АҚ (әрі қарай-"Банк") Директорлар КеңесіБанктің несие портфеліндегі күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алуға арналған Еншілес ұйым (әрі қарай-Еншілес ұйым) құру туралы шешім қабылдады.

Алматы. 26-қараша. Kazakhstan Today - "БТА Банк" АҚ проблемалық активтерді басқару бойынша Еншілес ұйым құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "БТА Банкі" АҚ (әрі қарай-"Банк") Директорлар КеңесіБанктің несие портфеліндегі күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алуға арналған Еншілес ұйым (әрі қарай-Еншілес ұйым) құру туралы шешім қабылдады.

Еншілес ұйым құру туралы шешім Банктің шетел юрисдикциясы мен Қазақстанда орналасқан және Банктік активтеріне қатысты бұрынғы басшылықтың заңсыз әрекеттерімен байланысты проблемалық активтермен жұмыс тиімділігін күшейту мақсатында қабылданды.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Банктің Директорлар Кеңесінің бұрынғы төрағасы М. Иблязов пен онымен байланысты тұлғалар Қазақстан, Ресей және басқа елдердің құқық қорғау органдарымен аффилиирленген компанияларға орны толмайтын заемдарды әдейі беру арқылы жүзеге асырылған Банк пен оның Еншілес ұйымдарынан қомақты ұрлау бойынша айыпталып отыр.

Проблемалық активтерді Еншілес ұйымның басқаруына нақты тапсыру Банкті қайта қаржыландыру аяқталған, ҚР Ұлттық Банкінен тиісті рұқсат алынған және оны тіркеуден өткізуге байланысты барлық заңды процедуралар аяқталғаннан кейін жүргізіледі деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны