08.02.2010, 12:12 1376

"БТА Банк" пен "Альянс Банктің" берешектерін қайта құрылымдау үдерісі ағымдағы жылдың екінші жартысында аяқталады - Келімбетов

"БТА Банк" пен "Альянс Банктің" берешектерін қайта құрылымдау үдерісі ағымдағы жылдың екінші жартысында аяқталады. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов Қазақстан -Франция іскерлік кеңесінің отырысы барысында мәлім етті

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today -"БТА Банк" пен "Альянс Банктің" берешектерін қайта құрылымдау үдерісі ағымдағы жылдың екінші жартысында аяқталады. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов Қазақстан -Франция іскерлік кеңесінің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""БТА Банк" пен "Альянс Банкте" аса күрделі заң бұзушылықтар анықталды және 2009 жылы олардың берешектерін қайта құрылымдау үдерісі басталды. Бұл екі банк бойынша біз қайта құрылымдау үдерісін іс жүзінде аяқтадық: "Альянс Банк" бойынша оның аяқталғанын білесіздер, ал БТА банк бойынша өткен жылдың желтоқсан айының басында басты коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Меніңше, 2010 жылдың екінші жартысында бұл мәселе жалпы шешімін табады", - деді Қ. Келімбетов.

Банк жүйесінің келешек жұмысы жайлы сөз қозғаған оның айтуынша, "Қазақстанның банк саласы дағдарыстың аса өткір басты кезеңін артта қалдырды".

"Біз енді халықаралық институттар тарапынан қойылатын жаңа талаптарды күтуіміз керек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны