03.10.2012, 14:19 3058

БТА Банкі 11,2 млрд доллар берешекті қайта құрылымдаудың шарттары бойынша келісімге келді

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Банк және Nomura International-дан басқа Кредиторлар комитетінің көптеген мүшелері 11,2 млрд. АҚШ доллары сомасындағы берешекті қайта құрылымдаудың міндеттемейтін негізгі шарттарына келісті, бұл Банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - БТА Банкі 11,2 млрд доллар берешекті қайта құрылымдаудың шарттары бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Банк және Nomura International-дан басқа Кредиторлар комитетінің көптеген мүшелері 11,2 млрд. АҚШ доллары сомасындағы берешекті қайта құрылымдаудың міндеттемейтін негізгі шарттарына келісті, бұл Банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Қайта құрылымдау нәтижесінде Банк жоғары облигацияларды, қалпына келтіру облигацияларын, дисконтмен арнайы борыштық құралдарды, сонымен қатар реттелген борыштың әртүрлі кластарын шегеретін кредиторлар алдындағы берешекті мүмкіндігінше төмендете алады. Кредиторлар олардағы борыштық құралдарды жаңа облигациялар пакетіне және қолма-қол ақшаға айырбастайды. Жаңа облигациялардың номиналды құны жылдық 5,5% жартыжылдық купонмен және 2022 жылы бір реттік өтеумен 750 млн. АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ, Банк сауданы Ққаржыландыру бойынша жаңғыртылатын кепілдендірілген кредиттік желі (RCTFF) аясында кредиторлармен келісімге келді.

"Біз, Кредиторлар комитетімен жүргізілген жемісті келіссөздер нәтижесіне өте қуаныштымыз. Біз, әлемдегі үздік тәжірибелерге сәйкес жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қайта құрылымдау шарттары бойынша келісімге келдік. Осы Банктің қаржы берешегін қайта құрылымдау тұрақты және теңгерімді қаржы институты ретінде оның жұмысын қамтамасыз етеді деп есептейміз. 2012 жылдың соңында қайта құрылымдау аяқталады деп сенеміз", - деп мәлімдеді "БТА Банкі" АҚ Басқарма төрағасы Ерік Балапанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны