11.02.2011, 13:54 3598

БТА Банкінің акционерлері депозитарлық қолхатты Люксенбург Қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

БТА Банкінің акционерлері депозитарлық қолхатты Люксенбург Қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 11 - ақпан. Kazakhstan Today - БТА Банкінің акционерлері депозитарлық қолхатты Люксенбург Қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новостиагенттігінің хабарлауынша, БТА Банктің қарапайым акцияларына шығарылған ғаламдық депозитарлық қолхаты (GDR), Люксенбург Қор биржасының листингіне енгізіледі.

Тиісті шешімді Алматыда 9 ақпанда БТА Банкі акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылдады.

Хабарламаға сәйкес, GDR 1:500 арақатынасындағы Банктің қарапайым акцияларына, Банктің міндеттемелерін қайта құрылымдау Жоспарына сәйкес шығарылған.

Сондай-ақ, акционерлер "Қазақстан Қор биржасы" АҚ (KASE) (листинг) ресми тізіміне Банктің қарапайым акцияларын енгізуге дауыс берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны