15.08.2011, 12:12 4274

БТА Банкінің басқарма төрағасы болып Заиров тағайындалды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, БТА Банкінің Басқарма Төрағасы қызметіне Марат Заиров тағайындалған.

Алматы. 15-тамыз. Kazakhstan Today - БТА Банкінің басқарма төрағасы болып Заиров тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, БТА Банкінің Басқарма Төрағасы қызметіне Марат Заиров тағайындалған. Бүгінгі күнге дейін БТА Банкінің атқарушы органын басқарған, сондай-ақ, Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын Инуар Сәйденов Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметіне сайланды. Арман Дунаевтың Банктің Директорлар Кеңесінің Төрағасы қызметіндегі өкілеттігі оның бастамасы бойынша тоқтатылды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі дүйсенбіде.

БТА Банкінің Директорлар кеңесі мүшелерінің пікірі бойынша Сәйденов осы басқару органына басшылық жасай отырып, осы қаржылық институтының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге барынша ықпал етеді. Ал, өз кезегінде, Заировтың Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалуы Банктің негізгі бизнесінің тиімділігін және кірістілігін арттыруға бағытталған.

Директорлар кеңесі мүшелерінің пікірі бойынша Заиров мырзаның қазақстандық банк секторындағы жұмыс тәжірибесі қазақстандық қаржы қызметтер нарығында БТА-ның жіберіп алған ұстанымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

"Мен Арман Дунаевтың БТА банкінің міндеттерін қайта құрылымдау бойынша келіссөздер жүргізу процесіндегі зор үлесін атап өткім келеді. Өз кезегінде, Басқарма Төрағасы лауазымына Қазақстанның қаржы нарығында кеңінен белгілі болған Марат Заировты тағайындау банк алдында тұрған жаңа тактикалық мәселелерді сапалы шешуіне ықпал етеді" - деп келтірді Инуар Сәйденовтың сөздерін баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Марат Заиров өзінің осы лауазымға сайлануын "маңызды кәсіби шақыру және жалпы елдің экономикасына маңызды деңгейде ықпал ететін қаржы институты - БТА Банкін дағдарыстан кейін қалпына келтіруде өзінің үлесін қосу мүмкіндігі" деп бағалайды.

БТА Банкінің Басқарма құрамына өзінің тағайындалуына дейін 43 жастағы банкир Марат Заиров "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, сонымен қатар "Нұрбанк" АҚ басшысы қызметтеріндегі көп жылғы еңбектерімен қоса, қазақстандық жетекші банктерде маңызды басшы қызметтерін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны