17.04.2012, 10:04 3878

БТА банкінің Басқарма төрағасы өзгерді

Бұл шараға кредиторлардың өкілі де қатысқан. Ал өз өтініші бойынша Басқарма төрағасының 1-орынбасары Николай Варенконың өкілеттігі тоқтатылып, оның орнына қаңтар айынан бері Басқарма төрағасы міндетін атқарып келген Асхат Бесенбеков тағайындалып отыр.

Алматы. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін "БТА банкі" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы алғашқы мәжілісінде Ерік Жұмаханұлы Балапановты Басқарма төрағасы етіп тағайындау туралы шешім шығарғанын хабарлады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл шараға кредиторлардың өкілі де қатысқан. Ал өз өтініші бойынша Басқарма төрағасының 1-орынбасары Николай Варенконың өкілеттігі тоқтатылып, оның орнына қаңтар айынан бері Басқарма төрағасы міндетін атқарып келген Асхат Бесенбеков тағайындалып отыр. Онда сондай-ақ, тәукел-менеджменті жөніндегі директор Жанна Ахметжанова, қаржылық блок жөніндегі директор Наталья Логинова мен бөлшек бизнес жөніндегі директор Күнсұлу Қапбасованы Басқарма мүшесі боп сайланды.

"Ерік Жұмаханұлының банк бизнесіндегі тәжірибесі біздің қаржы институтымыз үшін маңызды. Бұл тағайындауды акционерлер мен Директорлар кеңесі қарызды қайта құрылымдауды сәтті өткізу, банк жұмысын тұрақтандыру, оны кірістілігі мен қаржылық қызмет нарығындағы ұстанымына оралу жоспарымен байланыстырады", - дейді Директорлар кеңесінің төрағасы Инуар Сәйденов.

4 маусымда 54 жасқа толатын экономика ғылымының кандидаты Ерік Жұмаханұлы Балапанов 1968 жылы Алматыда өмірге келген. 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын (экономист), 1997 жылы Еуразия нарық институтын (қаржыгер) бітірді. 1995-1997 жылдары Тұранбанкінде валюталық операциялар басқармасының бастығы, операциялық департамент директоры, ТұранИлем банкі Басқарма төрағасының орынбасары. 1998 жылы Алматы коммерциялық банкі Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, Қазкоммерцбанктің Басқарма төрағасының кеңесшісі, "Нан өнімдері" компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы. 2001 жылдан "Қазақстан даму банкінің Басқарушы директоры, 2003 жылы Қазкоммерцбанктің корпоративтік несиелеу жөніндегі басқарушы мүшесі, Басқарма мүшесі. 2005 жылдан "Қазкоммерцбанк Қырғызстан" АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі, 2009 жылдан "Грантум ЗЖҚ" АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы, "Казкоммерц- Life" және " "Казкоммерц-Полис сақтандыру компанияларының Директорлар кеңесінің жетекшісі болды. Ал 20011 жылы 11 сәуірде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының өкілі ретінде "БТА банк" АҚ-ның Директор кеңесінің құрамына кірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны