20.08.2012, 12:07 3059

БТА банктегі қайта құрылымдау үдерісі АҚШ-та шетелдік негізгі өндіріс ретінде мойындалды

Бұған дейін бұл үдеріс 11 шілдеде Ұлыбритания аумағында да мойындалған болатын. Қаржы инстиуты мен кредиторлар арасындағы келіссөздің жалғасуына орай Алматы қаласының Мамандандырылған экономикалық соты енді банктегі қайта құрылымдау үдерісінің мерзімін 20 желтоқсанға дейін ұзартып отыр.

Алматы. 20-тамыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Мамандандырылған экономикалық сотында басталған БТА банктегі қайта құрылымдау үдерісі АҚШ-та шетелдік негізгі өндіріс ретінде мойындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасай отырып хабарлауынша, ол 16 тамызда Нью-Йорк қаласының Оңтүстік округіндегі АҚШ сотының қаржылық дәрменсіздік туралы ісі бойынша бұйрығына сәйкес қабылданған. Бұған дейін бұл үдеріс 11 шілдеде Ұлыбритания аумағында да мойындалған болатын. Қаржы инстиуты мен кредиторлар арасындағы келіссөздің жалғасуына орай Алматы қаласының Мамандандырылған экономикалық соты енді банктегі қайта құрылымдау үдерісінің мерзімін 20 желтоқсанға дейін ұзартып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны