03.07.2015, 10:00 4365

"БТА Банктіӊ еншілес компаниясы "БТА Сақтандыру" АҚ-ныӊ активтері мен міндеттемелері "Казкоммерц-Полис" Сақтандыру компаниясы" АҚ -на ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) өтті.

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 3 шілде, Алматы - "Казкоммерц-Полис" Сақтандыру компаниясы" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) Қазақстан Республикасы Ұлттық банктіӊ рұқсаты мен табыстау актініӊ негізінде "БТА Банктіӊ еншілес компаниясы "БТА сақтандыру" АҚ қосылуы түрінде қайта құрылымдау жайлы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қайта құрылымдаудыӊ нәтижесінде "Казкоммерц-Полис" Сақтандыру Компаниясына" АҚ-на ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) "БТА Банктіӊ еншілес компаниясы "БТА Сақтандыру" АҚ сақтандыру компанияныӊ құқықтары мен міндеттемелері өтті.

Қайта құрылымдау туралы шешім 2014 жылғы 18 желтоқсанда қайта құрылымдауға жататын компаниялар акционерлерініӊ біріккен отырысында қабылданды. Компаниялардыӊ ерікті түрде қайта құрылымдау туралы келісімді Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылғы 17 маусымда берді.

2015 жылғы 30 маусымда "БТА Банктіӊ еншілес компаниясы "БТА Сақтандыру" АҚ-ныӊ барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша "Казкоммерц-Полис" Сақтандыру Компаниясына" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) құқықтық мирасқорлық туралы ережелері қамтылған табыстау актісіне қол қойылды.

"Бұл біріктірілу сақтандыру жүйесі үшін, сондай-ақ екі компанияныӊ клиенттері үшін де ұзақмерзімді жағымды әсер қалдырады. Интеграция барысында Қазақстанда біріктірілген активі мен сақтандыру бизнестіӊ барлық сегменттерінде мықты нарықтық позициясы бар әрі үздік технологиялары мен 15 жылдан артық қызметтік тарихы бар екі компанияныӊ тәжірибесі тоғысқан еӊ ірі сақтандыру компаниялардыӊ бірі құрылғалы отыр", - деді "Казкоммерц-Полис" СК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Сергей Мокроусов.

Біріктірілген сақтандыру компаниясы өз клиенттері үшін тиімді болуы үшін қызметтерді ұсыну бойынша жаӊа стандарттарды енгізу мүмкін: сату жүйесі ауқымыныӊ кеӊеюінен сақтандыру қызметтеріне қолжетімділік ұсынылады, корпоративті және жеке клиенттер үшін сақтандыру өнімдерініӊ жаӊа түрлері пайда болады. Ертеде қол қойылған сақтандыру келісімдері бойынша барлық шарттар сол қалпында сақталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны