02.02.2009, 14:49 1311

БТА банктің қазіргі барлық акционерлері банктегі үлесін сақтап қалады - Марченко

БТА банктің қазіргі барлық акционерлері банктегі үлесін сақтап қалады - Марченко

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- БТА банктің қазіргі барлық акционерлері банктегі үлесін сақтап қалады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Иә, мемлекет акциялардың 78 процентін сатып алды, бірақ банктің қазіргі барлық акционерлері банктегі үлесін сақтап қалады ", - деді Г. Марченко.

Дегенмен, Ұлттық банк басшысының айтуынша, "қазіргі акционерлер банктің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмағандықтан, үлес бытырап кетті. Біз оларға қосымша қаржы салуды ұсындық", - деді ол.

Бұған қоса Ұлттық банк басшысы республикада ұзақ мерзімді негізде мемлекеттік коммерциялық банктер болмайды, бұл - біз жүретін жол емес, деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны