19.05.2008, 10:25 1394

БТС-2 құбыры "Сургутнефтегаз" ресурсы мен Қазақстанның мұнай экспортының есебінен толтырылады

БТС-2 құбыры "Сургутнефтегаз" ресурсы мен Қазақстанның мұнай экспортының есебінен толтырылады

Алматы. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - БТС-2 құбыры "Сургутнефтегаз" ресурсы мен Қазақстанның мұнай экспортының есебінен толтырылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "РБК daily" ақпаратына сілтеме жасай отырып.

"Транснефть" БТС-2 құбырын толтыратын қажетті мұнай көлемін тапты. Ресейдің мемлекеттік компаниясы бүгінгі таңда Украинаның порттары арқылы экспортқа шығып жатқан мұнайға, "Сургутнефтегаздың" экспорттық ағынының бір бөлігіне және Қазақстаннан шығатын жанармай транзитінің артуына назар аудармақ.

Ресей Федерациясының Энергетика министрлігіне жақын ақпарат көзінің хабарлауынша, 18 сәуірде мемлекеттік компнаия ведомствоға ұсыныс енгізген. Сәуір айының соңына таман оны өзге де профильді ведомстволар мақұлдаған.

Унечьтен Усть-Лугке созылған ұзындығы 1016 шақырым болатын және жылына 50 млн тонна мұнай айдауға қауқары бар БТС-2 мұнай құбырының бір тарамы Кириштегі "Сургутнефтегаз" мұнай өңдеу зауытына жол тартады. "Транснефть" есептеулеріне сүйенсек, оның құрылысының алдын ала бағасы 78,14 млрд рубльді құрайды. Мұнай құбыры мұнай транзит арқылы өтетін елдерге Ресейдің мұнай компанияларының тәуелділігін төмендетеді. Сәрсенбі күні Владиимир Путин БТС-2 толтыру үшін 30 млн тонна шикі мұнай мен 18-20 млн тонна мұнай өнімдерінің қажет болатынын айтты. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының премьер-министрі Ресейдің шетелдік серіктестері де БТС-2 акционері бола алатынын және құбырды толтыруға қатыса алатынын атап көрсетті.

Ақпарат көзі ұсынған мәліметтерге сүйенсер болсақ, "Транснефть" "Достық" құбырының радикалдық "құрғауына" жол бермей-ақ, БТС-2 толтыратын 50 млн тонна мұнай алуды ұсынды. Компанияның ұсынысына сәйкес, БТС-2 құбырына Украинаның Южный және Одесса порттарына жеткізілетін мұнай көлемін тоқтату есебінен 19 млн тонна мұнай жеткізу жоспарланып отыр. Тағы 12 млн тонна мұнайды осы көлемді қазіргі экспорттық бағыттардан алып тастау арқылы "Сургутнефтегаз" ресурсынан қорландырады. Унечтен бастап Усть-Лугке дейін созылған құбырға тасымалданатын Қазақстанның мұнай экспортының көлемін ұлғайту жолымен жылына тағы 10 млн тонна мұнай алу күтіліп отыр. Польшаның Гданьск портына тасымалды тоқтату жаңа құбыр үшін жылына тағы 10 млн тонна мұнайды босатады. Ал қалған 2 млн тоннаны Унечтегі мұнай айдау станциясынан Беларуссия бағытындағы темір жол тасымалынан алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны