15.05.2013, 11:42 9191

Бүгін "А" корпусының кандидаттарына тестілеу басталды

Бірінші күні кандидаттар Қазақстан Республикасының он заңы бойынша компьютерлік тестілеуден өтеді. Шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-уіне дұрыс жауап беруі қажет.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін "А" корпусының кандидаттарына тестілеу басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың 15 және 27 мамыр аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде "А" корпусының кадр резервіне өтуге құжат тапсырған кандидаттар тестілеуден өткізіледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Тестілеу Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылатын және өзектендірілетін кестесіне сәйкес өткізілетін болады", - делінген хабарламада.

Бірінші күні кандидаттар Қазақстан Республикасының он заңы бойынша компьютерлік тестілеуден өтеді. Шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-уіне дұрыс жауап беруі қажет.

Заңнаманы білуіне тестің шекті деңгейін еңсерген кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберіледі.

Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді меңгергенін анықтайтын тестіден (ҚАЗТЕСТ) өтеді.

Тестілеу залдары видеобақылау камераларымен жабдықталып, ақпараттық қауіпсіздікке жауапты тұлғалар айқындалған. Тестілеу қатысушыларына ұялы телефон және басқа да техникалық құралдарды қолдануға рұқсат берілмейді.

Қатысушылар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тестілеу басталғанға дейін жеке куәлігін алып келуі қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны