10.08.2006, 11:27 3049

Бүгін елімізде бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды

АЛМАТЫ. 10-тамыз .Kazakhstan Today. Бүгін елімізде бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы санағының І кезеңін жүргізудің негізгі мақсаты - "Өсімдік шаруашылығы" саласы бойынша еліміздің ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы неғұрлым толық мәліметтер жинау болып табылады. Оның нәтижелері бойынша жер алаңының құрылымы, түрлері және сорттары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы, жеміс-жидек екпелері, жүзімдіктер, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарына тыңайтқыштар енгізу туралы ақпарат алынады.

10 тамыздан бастап өңірлерде 20 мыңға жуық санақ мамандары жұмысқа кіріседі.

Санақ барысында 2,5 мың ауылдық және кенттік округтер, 7,5 мың елді мекендер, 7,8 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 172,2 мың шаруа (фермер) қожалықтары, 0,5 миллионнан астам саяжай учаскелері және 2 милионнан астам үй шаруашылықтары қамтылатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны