28.05.2009, 17:13 2914

Бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің жиырмасыншы кеңейтілген ашық жиыны өтті

Бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің жиырмасыншы кеңейтілген ашық жиыны өтті

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің жиырмасыншы кеңейтілген ашық жиыны өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын Қазақстан Республикасы премьер-министрі-қордың директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың басшылығымен және қор құрамындағы ірі және еншілес компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен өтті.

Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасы премьер-министрі 2009 жылдың 1-сәуірінде парламент мәжілісінің жиынында "Самұрық-Қазына" құрамындағы және Қорға енетін компаниялардағы қызметкерлердің санын айтарлықтай дәрежеде қысқарту жөнінде айтқан еді. Бұл тапсырманы және "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардағы әкімшілік шығындарын қысқарту шаралары" жөніндегі Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылдың 30-желтоқсан күнгі №289 қаулысын орындауға сәйкес, қор мен оның еншілес компанияларында реструктуризация, әкімшілік шығындарды қысқарту және қызметкерлер санын оңтайландыру шаралары өткізілді.

Осыған байланысты, директорлар кеңесінің № 20 ашық жиынындағы басты мәселе - қор мен оның құрамындағы компаниялардың жоғарыда аталған тапсырманы қалай жүргізгені және олардың жұмысындағы тиімділікті бағамдау жайы болды.

Директорлар кеңесі "Самұрық-Қазына" жұмысындағы негізгі бағыттардың қалай жүргізіліп жатқаны туралы есепті тыңдады. Атап айтсақ, "Самұрық-Қазына" АҚ Инвестициялық комитеті жұмысы туралы; мемлекеттік сатып алу шаралары кезінде қазақстандық үлестің енгізілуін қадағалау мен ақпараттық технологиялардың енгізілуі жайлы; дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы; қор жұмысының тиімділігі туралы; қор басқармасының жұмысы туралы; Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың концепциялары туралы.

Бұл іс-шаралар аясында, сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" АҚ мемлекеттік сатып алу шаралары кезіндегі қазақстандық үлесті қадағалау картасы және инвестициялық жобалар картасының тұсаукесері болды.

Инвестициялық жобалар картасы жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы ақпаратты тез арада алып тұруға мүмкіндік береді. Ол жобалардың салалар мен аймақтарға бөлінетіні және жобаның қалайша жүзеге асырылып жатқаны және оның құны, жұмыс орындары санының көрсетілетіні де белгілі.

Ал қазақстандық үлесті қадағалау картасы қор құрамындағы компаниялардың тауар, жұмыс, қызмет көрсету түрлерін сатып алған кездегі негізгі көрсеткіштері, аймақтар бойынша ақпараттарды сол уақытында алып тұруға мүмкіндік береді.

Егер алғашқы картаны бір айдың ішінде жариялау жоспарланып отырса, қазақстандық үлесті бақылау жөніндегі карта қазірдің өзінде бар. Қордың ресми сайтында еншілес компаниялардың мемлекеттік сатып алу кезіндегі ақпараттарымен танысуға болады.

Мұнан өзге, жиылыста "Самұрық-Қазына" Қорының шаруалары да қарастырылды. Атар айтар болсақ, Директорлар Кеңесі ішкі несиелік саясаттың ережелерін бекітті.

Қатысушылар бұл жиында ел экономикасындағы маңызды деген жобалар бойынша маңызды шешімдер қабылдады. Директорлар кеңесі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ акцияларын иеленуге өз қолдауын білдірді.

Мұнан өзге, қордың инвестициялық шаруалары аясында "Қазақстанның Даму банкі" АҚ-ына "Тараз металлургия зауыты" ЖШС пен "Халықаралық Ақтау теңіз сауда портын" қаржыландыру үшін несиелер беру жөніндегі мәселелер қарастырылды.

Жалпы, "Самұрық-Қазына" қорының және еншілес компанияларының әкімшілік шығындарды қысқарту, шаруасын оңтайландыру және реструктуризациялау жайлы жасаған іс-шараларына қордың директорлар кеңесінің төрағасы мен кеңес мүшелері оң баға берді.

Қордың даму стратегиясын талқылай келе, директорлар кеңесі мүшелері "Самұрық-Қазына" АҚ және оның еншілес компанияларын қойылған міндеттерді орындап, шаруаларын әрі қарай жетілдіру жөніндегі біршама ұсыныстарын айтты.

Бүгін қордың директорлар кеңесінің мүшелері болып мына азаматтар сайланды: Индустрия және сауда министрі Исет Исекешев, (Владимир Школьниктің орнына келген); ҚР президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қуандық Бішімбаев, Гүлжан Молдажанова (Ресейдегі "Базовый элемент" холдингінің бас директоры).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны