04.03.2008, 13:38 2708

Бүгінде Алматы аймақтық қаржы орталығында 35 қатысушы компания тіркелді

Бүгінде Алматы аймақтық қаржы орталығында 35 қатысушы компания тіркелді

Алматы. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы (ААҚО) қызметін реттеу жөнінде агенттігі 2007 жылдың қорытындысын жасады, деп хабарлайды агенттік ААҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгінде ААҚО 35 қатысушы компания тіркелген, оның 5 шетелдік. Олар- "Ренессанс капитал", HSBC Securities, ABN Amro және ANSHER Capital", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қаржы орталығының ресми тізімінде қаржы қызметі, инвестиция енгізу, лизингтік қызмет, құрылыс пен жылжымайтын мүлік нысандарын сату, телекоммуникациялық қызмет, ұн, нан өнімдерін шығару, көлік құрастырумен айналысатын 27 эмитент тіркелген.

"Өткен жылы аймақтық қаржы орталығы ұйымдастыру қызметімен айналысып, қор нарығының инфрақұрылымын құрып, тиісті нормативтік базаны дайындап, шетелдік сарапшылармен кеңестерді өткізу жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өткен жылы арнайы сауда алаңы іске қосылды; "Қазақстан қор биржасы" АҚ коммерцияландыруға бағытталған заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді ; "Алматы аймақтық қаржы орталығының ұлттық рейтингілік агенттігі" АҚ құрылды; қор нарығының институты "ААҚО академиясы" ашылды; қор нарығында құнды қағаздарды орналастыру дайындығын жүргізетін "Kazyna Capital Management"АҚ ( "Қазына"ТДҚ АҚ құрылымы ) капиталының қатысуымен Pre-IPO қорын құру жөнінде шешім қабылданды; тұрғындарға бағалы қағаздар нарығының негіздерін оқытатын ақпараттық білім беру орталықтары құрылып жұмыс істеуде; қор нарығы арқылы жекешелендіру процесі жалғастырылуда.

Сонымен қатар, ресей эмитенттерінің жаңа қаржы құралдары дайындалып енгізілді (Ресей Сбербанкінің жай акцияларының сертификаттары, ETF - Exchange Traded Funds - қор индекстері). Жалпы аймақтық қаржы орталығының қор нарығында айналымда жүрген құнды қағаздар саны 77 жетті, оның 21 - акциялар, 56 - облигациялар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны