01.06.2009, 13:08 1459

Бүгінгі жағдаймен Қазақстан мен Ресей арасындағы біртұтас кедендік тариф позицияларының 95%-ы келісілді - Шүкеев

Бүгінгі жағдаймен Қазақстан мен Ресей арасындағы біртұтас кедендік тариф позицияларының 95%-ы келісілді - Шүкеев

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінгі жағдаймен Қазақстан мен Ресей арасындағы біртұтас кедендік тарифтің 95% позициялары келісілді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Осыдан он күн бұрын РФ үкімет басшысы Қазақстанға келген кезде біз 11 214 позициядан тұратын тарифтердің 88%-ы келісілді деп баяндаған едік. Бүгінгі жағдаймен 95%-ын келісуге мүмкіндік туды, қалған 5%-ы - "айрықша сезімтал" позицияларға жатады, оларға қатысты әлі де жұмыс істеу керек", -деді үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев.

"Бұл дәрілік заттарға, металл өңдеу станоктарына, тұрмыстық техникаға, автокөліктер мен ұшақтарға қатысты. Бұларға қатысты екі жақтың да белгілі бір көзқарастары бар, біз олар бойынша түрлі үлгілерді пайдаланамыз. Бұл мәселе үкімет басшыларының 9 маусымдағы кездесуінің талқысына шығарылады", - деді вице-премьер.

"Ал Кедендік кодекске келсек, бұл құжат та жасалып жатыр, бұл мәселе үшін негізінен біздің жақ жауапты. Бұл кодекс мемлекет басшыларының 2009 жылдың қыркүйек айындағы кездесінің қарауына ұсынылады. Сондай-ақ, біртұтас есептік кедендік баж салығын тарату мәселесі - аса күрделі мәселе. Қазақстанның Қаржы министрлігіне маусымның 9-ына дейін жүйені жасап, бұл баж салықтары қалай келіп түсетіні мен елдердің арасында қалай бөлінетіндігін анықтау тапсырылған", - деді үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны