21.10.2019, 16:38 52986

Бурабайда ет өнеркәсібінің кластерін дамыту бойынша бизнес-форум өтті

Бурабайда "Жаңа даму аймақтары. Макинск" бизнес-форумының аясында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев бiрқатар iрi компаниялардың басшыларымен хаттамалық кездесулер өткiздi.

Көкшетау. 21 қазан. Kazakhstan Today - Бурабайда ет өнеркәсібінің кластерін дамыту бойынша бизнес-форум өтті.

Бурабайда "Жаңа даму аймақтары. Макинск" бизнес-форумының аясында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев бiрқатар iрi компаниялардың басшыларымен хаттамалық кездесулер өткiздi.

Облыс әкiмi және Макинск құс фабрикасын iске асырушы "Аitas KZ" АҚ бас директоры Серiк Толықбаев жобаның екiншi кезегiн iске қосу мәселесiн талқылады. Оны iске қосу үшiн, өндiрiстiк инженерлiк инфрақұрылым салу қажет, оның маңызды сәттерi бүгiн тараптармен егжей-тегжейлi қаралды.

Орталық-Азия өңiрiнде жылдық 50 мың тонна ет қуаттылығымен бройлер өсiру жөнiндегi iрi құс фабрикасының құрылысы өңiрге шамамен 46 млрд.теңге инвестициялауға, Бұланды ауданында орташа айлық жалақы көлемiн 30% арттыруға мүмкiндiк бердi.

Сондай-ақ, өңiр басшысының "Сukurova" түрiк компаниялары тобының бас директоры Иса Доганлимен кездесуi өттi, онымен Бұланды ауданының аумағында жаңа қағаз-буу фабрикасы құрылысының мәселесi талқыланды. Макинск құс фабрикасының iлеспелi өнiмдерге қажеттiлiгi, картон өнiмiнiң өндiрiсiне мамандандырылған шетелдiк компания үшiн зәкiрлi офтейкер ретiнде ұсынылуына мүмкiндiк бередi.

Бүгiнгi таңда, Макинск қаласы қалыптасу жолында тұр. Ақмола облысының көрiктi табиғи ортасы осы жерде инвестициялау үшiн бiрқатар артықшылықтар бар. Ол - жол торабында географиялық орналасуы, табиғи ландшафт, әкiмшiлiк қызметтер, iрi агроөнеркәсiп кешендерiнiң субъектiлерi шоғырланған аудан орталығы.

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев бизнес-форумға қатысушыларды қарсы ала тұрып, "Макинск құс фабрикасы тұтастай алғанда облыс экономикасын одан әрi дамытуда локомотив болады. Қазiрдiң өзiнде фабриканың өндiрiстiк қызметi шағын кәсiпкерлiкке серпiн бердi. Осындай жобалардың әрқайсысы бiз үшiн қажет және бiз барлық жағынан жан-жақты қолдау көрсететiн боламыз", - деп атап өттi.

Кеңауқымды iс-шарада Сыртқы iстер вице-министрi Ермек Көшербаевтың, АҚ "Аitas KZ" директорлары кеңесiнiң тәуелсiз мүшесi Болат Жәмiшевтiң қатысуымен мемлекеттiк сектор мен бизнес өкiлдерi ауыл шаруашылығын дамытудың, сондай-ақ Солтүстiк Қазақстанның ет өнеркәсiбiнiң кластерiн құрудың өзектi мәселелерiн талқылады.

Бизнес-форум қорытындысы бойынша, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң және "Аitas KZ" АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны