24.04.2008, 18:52 3502

БҰҰ-ның болжамына сәйкес 2030 жылы дүниежүзінде азық-түлікке деген сұраныс екі есе өседі

БҰҰ-ның болжамына сәйкес 2030 жылы дүниежүзінде азық-түлікке деген сұраныс екі есе өседі

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ-ның болжамына сәйкес 2030 жылы дүниежүзінде азық-түлікке деген сұраныс екі есе өседі. Бұл туралы бүгін ТМД елдерінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі үкіметаралық кеңесінің отырысы барысында Қазақстанның ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кейінгі уақытта әлемдік нарықта айтарлықтай өзгерістер болуда, бірақ, сарапшылардың мәліметінше, бұл проблемалардың өзектілігі барған сайын арта түспек", - деді А.Күрішбаев.

"БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, дүниежүзінде жыл сайын халық санының өсім қарқыны 1,4% құраса, өнім өндіру көлемі жыл сайын 0,9%-ға ұлғаюда. Яғни, оның кенжелеп қалғаны айқын байқалады. Тағы осы болжамға сай, 2030 жылы дүниежүзінде азық-түлікке деген сұраныс екі есе өседі. Сол себепті келешекте саясатта да, экономикада да азық-түлік өнімдерін экспортқа шығарушы елдер шешуші роль атқаратын болады", -деді Қазақстанның ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев.

Министр Қазақстан үкімет басшысының ұсынысымен ТМД елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін көтеру шараларын дәйектеуге бастама көтерілгенін және сол үшін бірлескен шаралар кешенінің жобасы жасалғанын еске салды.

"Азық-түлік қауіпсіздігі идеясының тіршілік ету қабілеті осы құжат пен осы бағыттағы әріқарайғы қадамдарға тікелей байланысты, сол себепті аталған құжатта сіздер мен біздер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқаратын барлық болашақ шаралар қамтылған", - деді А. Күрішбаев.

Отырыс барысында қуатысушыларға кешенді шаралардың жобасы таныстырылды. Ауылшаруашылығы министрлігі таратқан баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін көтеру жөніндегі бірлескен шаралар кешенінің басты мақсаты - "азық-түлік нарықтарындағы тепе-теңдіктің жойылуына дер кезінде жауап қату шараларын дәйектеп жүзеге асырудың негізінде келісілген және ТМД-ға қатысушы әрбір елдің агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру негізінде әр елдің азық-түлік қамтамасыздығына қол жеткізуге бағытталған агроөнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға саяды".

"Ұжымдық азық-түлік қамтамасыздығын қамтамасыз ету проблемасының шешімін Достастық халқын бірінші кезекте оған қатысушы барлық мемлекеттердің агроөнеркәсіптік өндіріс әлеуетінің есебінен басты базалық азық-түлік өнімдерімен жеткілікті әрі тұрақты деңгейде қамтамасыз ету арқылы табуға болатын секілді", -делінген баспасөз баянында.

"Ол үшін ТМД-ға қатысушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін көтеру, нормативтік-құқықтық қамтамасыздықты ескере отырып өзара тиімді сауда-саттық қатынастарын қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ, ТМД елдерінің өзара ықпалдастығын ұйымдастырушылық және институционалдық тұрғыда қайта құруға бағыттаған шараларды мақсатты түрде бірізді жүзеге асыру қажет. Оған қажетті барлық алғышарттар бар", - делінген құжатта.

Отырыс барысында ТМД елдерінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі үкіметаралық кеңесінің жаңа төрағасы боылп Қазақстанның ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны