25.04.2014, 19:38 3719

"БЖК-2020" аясында 2013 жылы 6 мың кәсіпкер қолдауға ие болды - И. Тасмағамбетов

Бүгінде шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері қалада 56 мың бірлікті құрайды, ол өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Қазіргі таңда 67 пайыз салықтық түсімі ШОБ үлесінен келеді. Өндірістік өнім көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша, 1 трлн 200 млрд теңгені құрады.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. 2013 жылдың қорытындысы бойынша "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 6 мыңнан аса кәсіпкер қолдауға ие болды. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өткен Астананы одан әрi дамыту жөнiндегi жиналыс барысында мәлімдеді.

"Бүгінде шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері қалада 56 мың бірлікті құрайды, ол өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Қазіргі таңда 67 пайыз салықтық түсімі ШОБ үлесінен келеді. Өндірістік өнім көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша, 1 трлн 200 млрд теңгені құрады. Өңірлермен салыстырғанда Астана өнірістік өнім көлемі бойынша бірінші орында. Шағын және орта кәсіпкерлікте еңьек ететін жан басына шаққанда республика бойынша орташа есеппен алғанда 3,4 млн теңгені құраса, Астана бойынша 6,3 млн теңгені құрайды", - деді әкім.

"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы қаланың 6 мыңдай кәсіпкері нақты көмекке қол жеткізді. Жалпы көлемі 298 жоба мақұлданы. Олардың құны 61,3 млрд теңгені құрайды.

Қала басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін елорда халқының саны 4 есеге жуық артты, 12 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылды, бірегей сәулет нысандары салынды, елорда экономикасына 4 трлн. 780 млрд. теңге тікелей инвестиция тартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны