10.06.2013, 15:37 6861

"БЖК-2020" аясындағы жобаның максималды құны 1,5 млрд теңгеге дейін төмендетілген

Қазақстанда "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша жобалар сомасының максималды құны 4,5-тен 1,5 млрд теңгеге төмендеген, деп хабарлады Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - "БЖК-2020" аясындағы жобаның максималды құны 1,5 млрд теңгеге дейін төмендетілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша жобалар сомасының максималды құны 4,5-тен 1,5 млрд теңгеге төмендеген, деп хабарлады Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева.

"Соманың құны 4,5 млрд теңгеден 1,5 млрд теңгеге дейін азайған", - деді Ғ.Жолдыбаева.

Сонымен қатар, ол сомасы 1,5 млрд теңгеден 4,5 млрд теңгені құрайтын субсидияланатын жобалар үшін кәсіпкердің жобаны қосымша экономикалық талдауды және бағдарламаның жұмыс органымен келісуді қарастыратын субсидиялаудың жаңа механизмі орнатылғанын атап өтті.

Аталған шарт ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша қатерлерді зерттеуге бағытталған.

Сонымен қатар, мұндай жобаларға талап қойылған, яғни кәсіпкер қазіргі жұмыс орындарына қатысты 10% кем емес жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға міндетті.

Бұдан өзге, екінші деңгейдегі банктердің несиелерін кепілдеуін ұсыну бойынша несиелердің максималды мөлшерінің сомасы 4,5 млрд-тан 300 млн теңгеге дейін төмендетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны