26.03.2012, 12:42 3650

"БЖК-2020" бағдарламасында өз істерін енді бастаған кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа тетіктері қарастырылып отыр

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында шағын және орта бизнес субъектілері үшін несиелерді кепілдендірудің жаңа тетіктері енгізілуде, деп хабарлады Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Саркеев.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - "БЖК-2020" бағдарламасында өз істерін енді бастаған кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа тетіктері қарастырылып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында шағын және орта бизнес субъектілері үшін несиелерді кепілдендірудің жаңа тетіктері енгізілуде, деп хабарлады Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Саркеев.

"Біз "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін несиелерді кепілдендірудің бірнеше жаңа схемасын қолға алып отырмыз", - дейді Бақытжан Саркеев.

Оның айтуынша, өз істерін енді бастаған кәсіпкерлерге несие құнының 70% дейін кепілдік берілетін болады, ал несиенің жалпы сомасы 20 млн теңгені құрайды.

Оған қоса, 1,5 млн. бастап 3 млн. теңге сомаға дейін гранттар беріліп, жаңа бизнес-бастамаларға қолдау көрсетілмек. "Бұл шаралар кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктердің несие қаржыларына қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр", дейді Б.Саркеев.

Және тұрғындардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған "Бизнес-насихат" жобасы жасалып отыр.

"Біз заңдар туралы, бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы, "Бизнестің жол картасының" бағыттары туралы баяндап, тұрғындардың арасында кәсіпкерлікті насихаттамақпыз", - деп атап көрсетті Б.Саркеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны