24.01.2014, 20:09 3227

"БЖК - 2020" бағдарламасы бойынша Петропавлдағы нан комбинаты жаңғыртылды

"Петропавлдағы ірі кәсіпорынды жаңарту мемлекеттік қолдау аясында жүргізілді. Комбинат "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында 14 млн. теңгені субсидияға алды", - делінген хабарламада.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Мемлекеттік қолдаудың арқасында "Нан Инвест кондитер" нан комбинаты жаңғыртылды, деп СҚО ішкі саясат басқармасы хабарлады.

"Петропавлдағы ірі кәсіпорынды жаңарту мемлекеттік қолдау аясында жүргізілді. Комбинат "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында 14 млн. теңгені субсидияға алды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2014 жылы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының "Аға Синьорлар" бағдарламасының шеңберінде кәсіпорынның мамандарын оқыту көзделуде.

Айта кетерлік жайт, 2014 жылы "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1,4 млрд. теңге бөлінді, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 15%-ға жоғары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны