28.04.2016, 16:57 53918

БЖЗҚ қазақстандықтардыӊ сенімін қалыптастыру үшін жұмыс істеуге ниетті

"Халық сенімін қалыптастыру жұмыстарыныӊ екінші мақсаты ол, жинақтаушы қор жүйесі мен оныӊ операторларына деген сенім болып табылады. Бұл жерде біз өзіміздіӊ коммуникациялық стратегиямызды жүзеге асыруға ниеттіміз. Айталық, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен оныӊ рөлі мен маӊыздылығын және БЖЗҚ-ӊ қызметі туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейтетін боламыз"

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардыӊ сенімін қалыптастыру үшін жұмыс істеуге ниетті. Ол бұл істі ел халқыныӊ қаржылық сауатын көтеруден бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ-ӊ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев ҚР Парламенті Сенатында Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ қызметі мен оныӊ даму перспективасы мәселелері бойынша өткен кездесу барысында хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Халық сенімін қалыптастыру жұмыстарыныӊ екінші мақсаты ол, жинақтаушы қор жүйесі мен оныӊ операторларына деген сенім болып табылады. Бұл жерде біз өзіміздіӊ коммуникациялық стратегиямызды жүзеге асыруға ниеттіміз. Айталық, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен оныӊ рөлі мен маӊыздылығын және БЖЗҚ-ӊ қызметі туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейтетін боламыз",-деп хабарлады ол.

Р.Ерденаевтыӊ сөзінше, жұмысты халқтыӊ қаржылық сауатын көтеруден бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды www.strategy2050.kz тілшісі.

"Мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржыны сақтау, зейнетақы жинағыныӊ қажеттілігі туралы арнайы пән болуы керек. Бұл тұрғыда біздеи жұмыс істейтін боламыз",-деп атап өтті "БЖЗҚ" АҚ-ӊ басқарма төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны