21.05.2009, 17:39 2763

Carlyle Group Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне деген қызығушылығы мен экономиканың түрлі салаларына инвестиция құю мүмкіндігін білдірді

Carlyle Group Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне деген қызығушылығы мен экономиканың түрлі салаларына инвестиция құю мүмкіндігін білдірді

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Carlyle Group Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне деген қызығушылығы мен экономиканың түрлі салаларына инвестиция құю мүмкіндігін білдірді. Бұл туралы бүгін "Carlyle Group" инвестициялық компаниясының президенті Дэвид Рубенштейн Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар әлемдік экономикадағы қалыптасқан жағдай туралы пікірлесіп, қаржы-экономика салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.

Д.Рубенштейн өз сапарының мақсаты компанияның Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне деген қызығушылығы мен экономиканың түрлі салаларына инвестиция құю мүмкіндігінен туындағанын атап өтті.

К.Мәсімов компанияның Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеу жөніндегі жоспарларын мақұлдап, өзара тиімді байланыстарды әрі қарай дамытуға мүдделілік білдірді.

Сонымен бірге, бүгін премьер-министрдің "ЛУКОЙЛ" ААҚ президенті Вагит Алекперовпен болған кездесеуінде әлемдік отын- энергетика рыногындағы ағымдағы жағдай туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің жай-күйі, оның ішінде "ЛУКОЙЛ"-дың инвестициялық бастамалары туралы әңгіме өрбіді.

Премьер-министр ресейлік компанияның бастамасын негізінен мақұлдап, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басшылығына ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарастыруға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны