08.02.2018, 15:44 6079

Цифрландыру аясында 1 сәуірге дейін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарыныӊ форматын өзгерту көзделуде

"Атамекен" бизнеске арналған қызметтерді цифрлық жүйеге көшіруге ниетті. Бұл туралы "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов 6 ақпанда өткен ҚР Үкіметініӊ отырысында хабарлады.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - "Атамекен" бизнеске арналған қызметтерді цифрлық жүйеге көшіруге ниетті.

Бұл туралы "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов 6 ақпанда өткен ҚР Үкіметініӊ отырысында хабарлады.

"Цифрландыру аясында 1 сәуірге дейін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарыныӊ форматын тұтастай өзгерту үшін ұсыныс дайындаймыз. Онлайн-байланысқа өтуге басымдық береміз. Биыл процестерді аяқтап, келесі жылдан бастап өтеміз деп ойлаймын", - деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Былтыр "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында "Атамекен" ҚР ҰКП атынан 51 мыӊнан аса кәсіпкер сервистік қызмет алды, 113 мыӊ адамға консультациялық қолдау көрсетілді, 22 мыӊнан аса азамат бизнес негіздерінен білім алды. Барлық көрсеткіш 105%-дан 170%-ға дейін орындалды.

"Іскерлік байланыс" - қолдау шараларыныӊ кеӊ таралаған түрі. 555 адам оқыды, 43 адам Германияда тағылымнамадан өтті. Мұндағы көрсеткіш те асыра орындалды. Біз барлық жобаны сүйемелдейміз. Сервистік қызмет алған кәсіпкерлердіӊ 3403-і жаӊа кәсіпорын ашты, 1,5 мыӊнан астамы рұқсат құжаттарын алды, ал 4625 кәсіпорынныӊ жобалары сүйемелденді. "Бизнес Мектеп" бойынша: 22 мыӊ қатысушыдан 2708-і бизнес ашты. 2 мыӊнан астамы жұмыс істеп тұрған бизнесін сервистік қолдау арқылы кеӊейтті", - деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

"Атамекенніӊ" мәліметінше, бизнес үшін еӊ танымалы бухгалтерлік, салық және заӊ саласындағы сервистік қызметтер. Жалпы, кәсіпкерлердіӊ сұранысына қарай тізім ұлғая береді.

Еске салсақ, "Атамекен" ҚР ҰКП - "Бизнестіӊ жол картасы -2020" бірыӊғай қолдау бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету операторы. Сервистік қолдау республика бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында көрсетіледі. Ол тиімділікті арттыру мақсатында кәсіпорындарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және шағын және орта бизнес субъектілеріне арнайы қызмет пен кеӊес беруден тұрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны