10.06.2011, 14:45 3264

CITIC Group Астанадағы жаңа нысандардың құрылысына инвестиция салу мүмкіндігін зерделеуде

"Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қорының хабарлауынша, "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ "Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы Болат Палымбетов Қытайдың CITIC Group корпорациясының өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның құрылыс секторына инвестиция салу мәселелерін талқылады.

Астана. 10 - маусым. Kazakhstan Today - Қытайдың CITIC Group компаниясы Астанадағы жаңа нысандардың құрылысына инвестиция салу мүмкіндігін зерделеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қорының хабарлауынша, "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ "Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы Болат Палымбетов Қытайдың CITIC Group корпорациясының өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның құрылыс секторына инвестиция салу мәселелерін талқылады.

Қытайлық делегацияны CITIC Real Estate компаниясының президенті- CITIC Group директорлар кеңесінің мүшесі Ли Кан бастап келді. CITIC Group өкілдері Қазақстанның құрылыс секторының даму болашағын және Астана қаласында жаңадан салынатын нысандарды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделеді. Өз кезегінде Б.Палымбетов ықпалдасу мүмкіндіктерін қарастыруға әзірлігін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны