06.06.2008, 18:04 2858

ConocoPhillips өкілі Қазақстанға Қытайға баратын құбырдың жанында электр станциясын салуды ұсынады

ConocoPhillips өкілі Қазақстанға Қытайға баратын құбырдың жанында электр станциясын салуды ұсынады

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ConocoPhillips компаниясының Еуропа, Азия, Африка мен Орта Шығыстағы барлау және өндіру жөніндегі президенті Райан Лэнс Қазақстанға Қытайға баратын құбырдың жанында электр станциясын салуды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін Атырауда Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 19-шы жалпы отырысында пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан арқылы, мысалы Қытайға транзиттік құбырлар тарту жөнінде жоспарлар жасалып, келіссөздер жүргізіліп жатқан қазіргі кезде біздің компания осы құбырлар халқы үздіксіз өсіп келе жатқан аудандарға және елдің өнеркәсіп орталықтарына жақын жерден өтетіндіктен, біздің компания бір немесе бірнеше жаңа электр станциясын құбыр трассасын бойлай салу мәселесін қарастыруды ұсынады", - деді Р. Лэнс.

"Бұл электр қуатын өндіруге қажетті газды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді", -деді ол.

"Ал егер Қазақстанда қазір бар инфрақұрылымды алатын болсақ, электр қуатын өндіретін өндірістерді республикадағы үш мұнай өңдеу зауытының жанында салып, оны әріқарай мемлекеттік энергетикалық жүйеге жеткізу жайлы ойластыруға болады", -деді ConocoPhillips өкілі.

Оның пайымдауынша, мұндай амал біруақытта "қосымша энергия өндірістерін салуға тиімді мүмкіндіктер беріп, аталған мұнай өңдеу зауыттарының сенімділігі мен тұрақтылығын ұзақ мерзімге қамтамасыз етеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны