18.11.2015, 12:48 3908

Д.Ақышев: ҚР Ұлттық банкі айырбас бағамыныӊ күрт өзгеруіне жол бермейді

ҚР Ұлттық банкі айырбас бағамыныӊ күрт өзгеруіне жол бермейді, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ақордадағы Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысын

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық банкі айырбас бағамыныӊ күрт өзгеруіне жол бермейді, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ақордадағы Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінде біз 2014 жылы мұнай бағасыныӊ төмендеуі мен ресейлік рублідіӊ девальвацияға ұшырауға дейінгі көрсеткіштерге қайта қол жеткіздік. Жақын арада валюта бағамыныӊ өзгеру мүмкіндігі соншалықты көп емес. Көптеген жағымсыз сценарийлер шынайы өмірге айналып қойды. Мұнай бағасы екі еседен көп шамада төмендеді, рубль де құлады", - деді Д. Ақышев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы атап өткендей, барлық күш бағамды қалыптастыру процесіне тікелей араласуды азайтуға бағытталған.

"Егер мұнай бағасы барелліне 40 доллардан төмендесе онда бағамды реттеу жүргізілуі мүмкін. Оныӊ үстіне ресейлік рубль бағамы да мұнай бағасына тәуелді болғандықтан құнсызданатын болады. Алайда осыған қарамастан айырбас бағамыныӊ күрт өзгеруіне жол бермейміз", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Д. Ақышев, ағымдағы жылы инфляцияныӊ жоспарланған 6-8 пайыздық дәлізі көтерілетінін атап өтті.

"Қазіргі уақытта, қазан айыныӊ соӊында инфляция жылдық мәнде 9,4 пайызды құрады. 2005 жылдыӊ тамызында еліміздегі инфляция деӊгейі 5 пайызда төмен болған еді.

Ұлттық банк басшысыныӊ есептеуінше, бұл жағдайлардағы біздіӊ қазіргі міндетіміз тұрақты инфляцияны қамтамасыз ету және 2016 жылы оны барынша тезірек 6-8 пайыздық дәлізге келтіру.

"Бұл бағытта біз Үкіметпен бағалардыӊ болжамды деӊгейіне қайта оралуы үшін зор жұмыстар атқаруды жоспарлап отырмыз", - деп толықтырды Д.Ақышев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны