11.10.2012, 13:59 3192

Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша бөлінген қаражат 97 пайызға игерілді

Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша бөлінген қаражат 97 пайызға игерілді. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Астана. 11-қазан. Kazakhstan Today - Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша бөлінген қаражат 97 пайызға игерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша бөлінген қаражат 97 пайызға игерілді. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорын қаржыландыруға бюджеттен 729,5 млрд. теңге жұмсалды, оның ішінде 607,5 млрд. теңгені Ұлттық қордан тартылған арнайы трансферттер құрады. Бұған қоса, 408 млрд. теңге "Самұрық-Қазына" қорының Ұлттық қордан алынған облигациялық заемдары болып табылады. Басқаша айтқанда, Ұлттық қордан дағдарысқа қарсы жұмсалған 1 трлн. 200 млрд. теңгенің 123 млрд. теңгесі "ҚазАгро" холдингіне, қалғаны "Самұрық-Қазына" қорына берілген болатын. Бұның ішінде жекелеген сома жергілікті бюджеттерге, үлескерлер проблемаларын, банктерді қаржыландыруға жұмсалған еді", - деді Болат Жәмішев.

Министрдің айтуынша, 2011 жылдың қорытындысы бойынша дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген қаражат 97 пайызға игерілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны